ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.02.06. № 358 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығына 1-қосымша
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті
1. Жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын қағаз нысанында беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар): 1) ЖОО-ның кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдап және тіркеп, қарап талқылау үшін ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады (1 жұмыс күні ішінде); 2) ЖОО-ның оқу бөлімі көрсетілетін қызметті алушыға берілетін анықтама дайындап, қарап талқылау үшін ЖОО-ның басшылығына тапсырады (4 жұмыс күні ішінде); 3) ЖОО-ның басшылығы құжаттарды қарап, ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады (2 жұмыс күні ішінде); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|