Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2014 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2), 3) және 8) тармақшаларына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті - жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, рухани білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім беру саласындағы аумақтық бақылау департаменттері - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру қызметін лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып; 3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар белгіленсін. 3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысымен бекітілген
Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|