|
|
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Щучинск аудандық пайдалану бөлiмі» мемлекеттік мекемесiн құру туралы (2014.27.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 10 наурыздағы № 298-11 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Арнайы әскерлерiне арналған штат санының лимитi шегiнде 12 бiрлiк штат санымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Щучинск аудандық пайдалану бөлiмi» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi мемлекеттік мекеме) құрылсын. 2. Мемлекеттік мекеменi қаржыландыру әкімшісi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі болып табылатын бағдарламалар бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) мемлекеттік мекеменiң жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. ҚР Үкіметінің 2014.27.06. № 707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |