Сауда қызметін реттеу туралы (2014.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 ж. 4 шілдеге дейін қолданылған (ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілді)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы № 203-V Заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «жергілікті атқарушы органдардың», «жергілікті атқарушы органдар», «жергілікті атқарушы органдармен» деген сөздер «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттік реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда; 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әкетудi және (немесе) әкелудi сан жағынан шектеулер - тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөнiндегi, квоталарды белгiлеу жолымен енгiзiлуi мүмкiн шаралар; 2) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi - бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi, сауда қызметiнің субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы; 3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы - әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін бөлшек сауда бағаларының деңгейі; 4) бөлшек сауда - сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет; 5) кедендiк баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі - белгiленген тарифтiк квотадан тыс әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы); 6) кедендiк баждардың квотаiшiлiк мөлшерлемесі - белгiленген тарифтiк квота шегiнде әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы); 7) көтерме сауда - кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет; 8) қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет; 9) рұқсат - осы Заңға сәйкес сыртқы сауда шарты (келiсiмшарты) негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн рұқсат ету құжаты; 10) сауда алаңы - тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектiсiнiң алаңы; 11) сауда желiсi - ортақ басқарудағы және (немесе) бiрыңғай коммерциялық белгiнi немесе дараландырудың өзге де құралы аясында пайдаланылатын, екi мың шаршы метрден кем емес жалпы сауда алаңы бар, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы; 12) сауда қызметi - жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi; 13) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сауда қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 14) сауда қызметiнің субъектici - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 15) сауда объектiсi - арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдiң бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы; 16) сауда саясаты - осы Заңда белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шараларының және өзге де шаралардың жиынтығы; 17) сыртқы сауда (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметi) - тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi; 18) тарифтiк квота - кедендiк әкелiм бажының қолданыстағы мөлшерлемесімен салыстырғанда тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құнымен алғанда) әкелу кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелiм бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесін қолдануды көздейтiн, үшiншi елдерден шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi реттеу шарасы; 19) тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi; 20) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортын және (немесе) импортын қадағалау - тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспорты және (немесе) импорты серпiнiнің мониторингісі мақсатында белгiленетiн уақытша шара; 21) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық - уәкiлеттi орган беретiн лицензияның негiзiнде ұсынылатын тауарлардың жекелеген түрлерiне қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру құқығы; 21-1) халықаралық мамандандырылған көрме - бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін: ресми болып табылатын немесе халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық үкіметаралық ұйым ресми таныған; екі және одан көп мемлекет көрмеге қатысушылар болып табылатын; көрменің ұзақтығы кемінде алты аптаны құрайтын және алты айдан аспайтын; өнер туындыларының көрмесі және коммерциялық сипаттағы көрме болып табылмайтын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрменің басталу және аяқталу күні көрсетілген көрме; 21-2) халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы - заттарды (экспонаттарды) халықаралық мамандандырылған көрмеге қоятын және халықаралық мамандандырылған көрмеде ұлттық секцияларда тиісті елдің мүддесін білдіретін жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қабылданатын халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің ішкі қағидаларында айқындалған халықаралық ұйым не жеке немесе заңды тұлға; 21-3) халықаралық мамандандырылған көрменің аумағы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаға бөлінген жер учаскелері; 21-4) халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері - бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде: халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, жалпымемлекеттік, мемлекетаралық немесе өңіраралық маңызы бар қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасында (оның ішінде бас жоспарда) көзделген объектілер тізбесіне енгізілген; Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен құжатта көзделген ғимараттар, сәулет объектілері, құрылыстар, инженерлік және көлік инфрақұрылымы; 22) iрi сауда объектiсi - сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi; 23) iшкi сауда - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi.
2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен принциптерi 1. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары: 1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту; 2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру; 3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу; 4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау; 5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру болып табылады. 2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi: 1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың сауда қызметiне араласпауы; 3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау; 4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау; 5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету; 6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi; 7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретіндегі бiрлiгi; 8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және сауда қызметiнiң барлық субъектiлерiне қолданылады. 2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды. Осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру Қазақстан Республикасының осындай заң актілерімен реттелмейтiн бөлiгiнде осы Заңның нормаларымен реттеледi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тарау өзгертілді; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 2-тарау жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу
5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері 1. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары: 1) сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау; 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуі шарттарын айқындау; 3) сауда қызметін дамытуды ынталандыру; 4) сауда қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау; 5) сертификаттау болып табылады. 2. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістері: 1) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу; 2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу; 4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану; 5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу болып табылады.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) сауда саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады; 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасының iшкi нарығын қорғау жөнiнде шаралар қолданады; 5) сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу шараларын қолданады; 6) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолданады; 7) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi; 8) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерiн бекiтедi; 9) сауда қызметi саласында шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады; 10) сауда қызметi саласында келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; 11) уәкiлеттi органды айқындайды; 12) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағалардың шектi мәндерiн және оларға бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн белгiлеу тәртiбiн бекiтедi; 13) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн бекiтедi; 14) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн бекiтедi; 14-1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны құрады; 14-2) Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекітеді; 15) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган: 1) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 2) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлейді және қорытындылар дайындайды; 3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 4) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді; 5) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) тармақша 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның редакциясында (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлейді; 8) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды ұйымдастырады; 10) халықаралық сауда ұйымдарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасы Yкіметінiң атынан өкілдік етеді; 11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады; 12) тармақшаға өзгерістерді қара - ҚР 2013 ж. 4 шілдедегі № 130-V Заңы (ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) 12) тоқсан сайын аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары беретін, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ уәкілетті органның (ұйымның) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау мониторингін жүргізуді жүзеге асырады; 13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары мөлшерін белгілеудің орындылығын айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізеді; 14) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу және жыл сайынғы негізде оларға бағалардың шекті мәндерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу тәртібін әзірлейді; 16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептілік, тексеру парақтары нысандарын әзірлейді және бекітеді; 17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-1-бап. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары: 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi; 2) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады; 3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi; 4) тармақша 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның редакциясында (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 4) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді; 5) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады; 6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады; 7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
9-бап. Сауда қызметi саласында баға белгiлеу 1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды және тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, сауда қызметiнің субъектiлерi тауар бағаларын өз бетінше айқындайды. Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады. 2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері артқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге құқылы. Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлері артқан кезде сауда қызметінің субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi 1. Сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады. 1) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы; 2) жылжымалы сөре - арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны; 3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған арнайы автокөлiк құралы; 4) шатыр - құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жасалып, сауда жабдықтарымен жарақталған және арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын құрылыс; 5) дүңгiршек - арнайы бөлiнген жep учаскесiне орнатылған, сауда залы жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс; 6) дүкен - сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгi; 7) сауда үйi - бiртұтас басқарылатын сауда объектiлерiнiң және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң жиынтығы орналасқан, сауда қызметiне арналған және сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өз аумағы шекарасының шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етiлген тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс; 8) сауда базары - аумақта шаруашылық қызметiн көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, маңындағы аумақтан бөлектенген, сауда қызметiне арналған және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшiн алаңмен қамтамасыз етiлген оқшауланған мүлiктiк кешен. Сауда базарларының қызметiн ұйымдастыру ережелерiн, олардың түрлерiн, санаттарын және оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi. 4. Сауда объектiсiнiң мамандандырылуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, оның меншiк иесi айқындайды. 5. Iшкi сауда түрлерiне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және сауданың осы Заңмен белгiленген өзге де түрлерi жатады. 6. Көтерме, бөлшек сауданы және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ iшкi сауда объектiлерiне қойылатын тәртiптер мен талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. 1. Көтерме сауда бөлшек сауда жүзеге асырылатын орындардан бөлек орын болған жағдайда мамандандырылған немесе аралас дүкендерде, сауда үйлерi мен базарларда жүзеге асырылады. |