«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 401-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 786 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысымен бекітілген
Жаңартылатын энергия кездерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) ЖЭК пайдалану мониторингі - ЖЭК энергетикалық әлеуеті және электр мен (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК пайдалану нәтижелері туралы ақпаратты жүйелі жинау, есепке алу және талдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|