Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряд республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряд мемлекеттік мекемесін филиалдарымен бірге құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) таратылсын. 2. Орналасқан жері Астана қаласы болып белгіленіп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) және осы қаулыға қосымшаға сәйкес оның облыстардағы филиалдары құрылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнама белгіленген тәртіппен: 1) мекеменің жарғысын бекітуді және әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етуді; 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, таратылатын кәсіпорынның кредит берушілерінің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті мекемеге беруді қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын. 4. Мекеме қызметінің негізгі мәні: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою; 2) ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялау; 3) мемлекеттік органдардың шешімімен жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауыратын жануарларды алып қою және жою; 4) ветеринариялық препараттардың республикалық қорым сақтау болып айқындалсын. 5. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 7. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарды қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2158 қаулысына қосымша
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалдарының ТІЗБЕСІ
Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2158 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж, № 36, 364-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерінің тізбесінде: «Аса маңызды мемлекеттік объектілер» деген І бөлімде: «3. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша аса қауіпті заттарды, Қазақстан Республикасында бақылануы тиіс бактериологиялық, биологиялық, жарылғыш заттарды, есірткі құралдарын, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды әзірлеу, шығару, сынау және сақтау жөніндегі ұйымдардың объектілері мен оқшауланған үй-жайлары» деген бөлімде: реттік нөмірі 5-жолда «РМҚК» деген сөз «ММ» деген сөзбен ауыстырылсын. 3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 164 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 7, 82-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде: 1-тармақ алынып тасталсын; «Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: «9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі». 4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» деген бөлімде: реттік нөмірі 293-жол алынып тасталсын. 5. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: реттік нөмірі 6-жолда: 3-бағанда «13135», «5119» деген сандар тиісінше «13335», «5339» деген сандармен ауыстырылсын; «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы 84» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» 220».
|