Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 139 Қаулысымен күші жойылды
«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 906 қаулысымен бекітілген
Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Талаптарда отын ретінде пайдаланылатын артық қысымы 1,2 МПа (12 кгс/ шаршы см.) аспайтын сұйытылған табиғи газбен және артық қысымы 1,6 МПа (16 кгс/ шаршы м.) артық сұйытылған мұнай газымен (бұдан әрі - СМГ) жабдықтау жүйелерін жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын талаптар белгіленеді. 1) қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің (кентаралық елді мекендерді қоса алғанда), өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың газ құбырларына (бұдан әрі кәсіпорын - газ жабдықтау жүйелері объектілерінің иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар); 2) газ реттейтін пункттерге (бұдан әрі - ГРП) және газ реттейтін қондырғыларға (бұдан әрі - ГРҚ); 3) газ толтыру станцияларына (бұдан әрі - ГТС), газ толтыру пункттеріне (бұдан әрі - ГТП), аралық баллондар қоймаларына (бұдан әрі - АБҚ), шкафты газ реттеу пунктіне (бұдан әрі - ШРП), стационарлық автомобильді газ құю станцияларына (бұдан әрі - АГҚС), сұйытылған газдардың резервуарлық, топтық және жеке баллон қондырғыларына; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|