Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мәселелері (2014.12.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2013.27.12. № 1413 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті; 3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитеті болып; 4) осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын. ҚР Үкіметінің 2013.27.12. № 1413 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|