Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар (2010.20.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 276 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., № 13, 122-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегi № 900 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 17, 177-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесінде: 1-тармақтағы «табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның немесе белгіленген құзыреті шегінде облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органның» деген сөздер «табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Уәкілетті орган мерзімді баспа басылымдарында алда болатын жария тыңдау туралы: 1) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін жалпы тәртіппен бекіту кезінде кемінде он бес күн бұрын; 2) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекіту кезінде кемінде жеті күн бұрын хабарландыруды жариялайды. Мерзімді баспа басылымдарында алда болатын жария тыңдау туралы хабарландыруды жариялау туралы талаптар реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.»; мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2 және 7-3-тармақтармен толықтырылсын: «7-1. Алда болатын жария тыңдау туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді: 1) тыңдауларды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерін; 2) тыңдаулардың өткізілетін күні мен орнын; 3) табиғи монополия субъектісінің атауын және өтінім берілген реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге қатысты қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерін қамтуға тиіс. 7-2. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын талқылау жөнінде жария тыңдаулар өткізу кезінде уәкілетті орган осы Ереженің 7-1-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, тиісті жергілікті өкілетті органды шақырады. 7-3. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі жария тыңдаулар өткізілгенге дейін тұтынушылар мен мүдделі тұлғаларды жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабардар етеді.»; 8-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын: «3) табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекіту кезінде бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін жеті күннен кешіктірмей; 4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін бір күннен кешіктірмей өткізіледі.»; 18-тармақтағы «7» деген сан «7-1» деген санмен ауыстырылсын. 2. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 294-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі туралы ережеде: 11-тармақ мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын: «34-1) табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын келісу;». 3. ҚР Үкіметінің 2009.23.10. № 1654 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 943 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде: 10-тармақтың 1) тармақшасының он төртінші абзацындағы «ақы төлеу жүйесі жөніндегі нормаларды» деген сөздерден кейін «, оның ішінде персонал санының нормативтерін» деген сөздермен толықтырылсын. 7. ҚР Үкіметінің 2007.06.12. № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 8. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережеде: 11-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын: «18) табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын келіседі.».
|