Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2014 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысымен бекітілген
Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарға енгізу тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) индустриялық-инновациялық жоба - технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені (бұдан әрі - жоба); 2) индустрияландыру картасы - белгілі бір қаржыландыру көздері, оларды іске асыру жөніндегі кестелері мен іс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіретін индустриялық-инновациялық жүйе мониторингінің (іске асырылуының) құралы (бұдан әрі - карта); 3) республикалық индустрияландыру картасы - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын жобаларының тізбесі, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|