|
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мәселелері (2014.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.05. № 441 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.12.03. № 319 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.05. № 441 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 32 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара); 2006.16.05. № 405 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 846 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 675 қаулысымен (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді 5. Қоса берiлiп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2) ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3) ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 5) ҚР Үкіметінің 2011.01.08. № 888 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi таратылсын. 8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.05. № 441 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда 9. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 32 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2014.04.05. № 441 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі туралы
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2014.04.05. № 441 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мәдениет, ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық келісім, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. ҚР Үкіметінің 2014.04.05. № 441 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті; 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті. 3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. 5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Министрлік егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қөзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс. ҚР Үкіметінің 2014.04.05. № 441 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Министрліктің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
ҚР Үкіметінің 2014.04.05. № 441 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14. Министрліктің миссиясы - мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтер қөрсетуге, мемлекеттік және басқа тілдердің қарқынды дамуына, ел бірлігінің нығаюына, мемлекет пен азаматтық сектор әріптестігінің тиімді жүйесін қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеу және тиімді іске асыру. ҚР Үкіметінің 2014.04.05. № 441 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. Міндеттері: 1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 3) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер. ҚР Үкіметінің 2013.29.04. № 413 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.13.09. № 956 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.05. № 441 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді 16. Функциялары: 1) орталық аппараттың функциялары: мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру; Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау; халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асыру және үйлестіру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу; мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсыну; Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізуді жүзеге асыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастыру; шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдар, сыйлықтар мен жүлделер тағайындау; Республикалық конкурстар мен фестивальдар өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту; мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс салаларындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзірлеу, бекіту; дарынды жастарды және перспективалық шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру; көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу және бекіту; мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту; көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру ережесі мен тәртібін әзірлеу және бекіту; мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау қағидаларын бекіту; Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекіту; көркемдік-сарапшы кеңестер туралы ережені бекіту; мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптау комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту; Мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшін сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидаларын бекіту; Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу қағидасын бекіту; мәдени-демалыс ұйымдары қызметінің тәртібін бекіту; Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін әзірлеу; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының мәтінін орналастыру және пайдалану ережесін әзірлеу; мемлекет меншігі болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру жөнінде шешім қабылдау; объектілерді тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөніндегі уәкілетті органның арнайы комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру; ұлттық мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі жөніндегі сараптау комиссиясын құру; тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидасын бекіту; тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртібін және пайдалану режимін әзірлеу; Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткіштерге меншік өкілеттіктерін жүзеге асыру; мәдениет саласында ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар мен мемлекеттік наградалар беру, Қазақстан Республикасының шығармашылық ұжымдарын марапаттау туралы ұсыныстар енгізу; мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебесін беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу; барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру; мәдениет саласында көрсетілетін қызметтерге талдау жүргізу; саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау; ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізу; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындауды келісу; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларға беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кітапханаларына «Орталық» мәртебесін берудің тәртібін бекіту; Фильмді ұлттық деп тану қағидаларын бекіту; фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту; фильмнің индексін айқындау өлшемдерін әзірлеу және бекіту; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру; мәдениет саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру; Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әдебиетті республикалық деңгейде қалыптастыру, орналастыру және басып шығаруды бақылау; Министрліктің қарамағындағы республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыру; 2) ведомстволардың функциялары: тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнінде, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу; тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау; мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізу; республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу; тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер өткізу; Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуды, оның халықаралық беделін нығайтуды қамтамасыз ету; республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету; жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы өтінішхаттарын қарау; Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету; ұлттық мәдени игілік объектілерінің ерекше режимінің сақталуын қамтамасыз ету; қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлау, салу және реконструкциялау жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері бар жерді пайдалану карталарын келісу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық фильмдер жасау; фильмдердің мемлекеттік тізілімін жүргізу; фильмдерге прокаттау куәліктерін беру және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алу; республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебесін беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебесін беру туралы ұсыныстар енгізу; жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келісім беру; халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау; халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылуы мен күтіп-ұсталу тәртібін бақылау; жаңа тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнатылуын бақылау; Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау; лицензиаттың лицензияда көрсетілген шарттарды сақтауын бақылау; жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруін бақылау; Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру; тиісті органдарға Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу; орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау; мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; театр, музыка өнерін, кинематографияны, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету; музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіру; республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру; меншік нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасау; ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіру; мәдениет, тілдерді дамыту саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындау; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 1) өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; 2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау; 4) Министрліктің жанында консультативтік-кеңесші органдарды құру; 5) Министірліктің құзыреті шегінде конкурстарды, фестивальдарды, көрмелерді, конференцияларды, семинарлар және басқа іс-шараларды ұыймдастыру және өткізу; 6) заңнамада белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік наградаларға ұсыну; 7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
18. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 19. Министрліктің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 20. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. 21. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттігі: 1) қызметі өз бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 2) жауапты хатшының келісімімен комитет басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 3) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады; 4) Қазақстан Республикасы Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді. Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. 23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
24. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 25. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады. 26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.16.04. № 369 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.29.04. № 403 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.22.05. № 512 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.12.11. № 1208 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.03.02. № 43 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.04.05. № 441 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
1. «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық қәсіпорны. 2. «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 3. «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 4. «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 5. «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 6. «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 7. «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 8. «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 10. «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 11. «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 12. «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 13. «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 14. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 15. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 16. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық қәсіпорны. 17. «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |