Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласы әкімінің «Мемлекеттік қуыршақ театры», «Ықылас атындағы Республикалық музыкалық халық аспаптар мұражайы», «Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын, «Жамбыл атындағы Мемлекеттік республикалық жасөспірімдер кітапханасы», «С. Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы» мемлекеттік мекемелерін мүліктік кешендер ретінде республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ұйымдарды қабылдау-беру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Театрлар» деген бөлімде: реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын; «Мұражайлар» деген бөлімде: реттік нөмірлері 25 және 29-жолдар алынып тасталсын; «Кітапханалар» деген бөлімде: реттік нөмірлері 39 және 40-жолдар алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|