|
|
|
Мемлекеттік мүлiкті мемлекеттік меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесін бекіту туралы (2010.10.09. берілген толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Yкіметінiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысымен Бекiтiлген
Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрінен екiншi түрiне беру epежeci
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 192-бабына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру тәртібiн анықтайды. 2. Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) мүлiктiк кешендерi ретінде республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - республикалық заңды тұлғалар), акционерлік қоғамдардың акциялары мен республикалық меншiктегi жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлестерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімінiң қолдаухаты негiзiнде коммуналдық меншiкке берiледi; ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 927 қаулысымен 2-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) республикалық заңды тұлғалардың мүлкi облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімінiң қолдаухаты негізiнде: ветеринариялық препараттарды қоспағанда, теңгерiмдік құны беру күнiне он мың және одан асатын ең төменгi есептiк көрсеткiш мөлшерiнде болған кезде - Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша; ветеринариялық препараттарды қоспағанда, теңгерiмдiк құны беру күнiне он мың ең төменгi есептік көрсеткiш мөлшерiнен кем болған кезде - теңгерiмiнде берiлетiн мүлiк бар республикалық заңды тұлғаны мемлекеттік басқару органы не уәкiлеттi орган болып табылатын мемлекеттік органмен келісілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң шешiмi бойынша; ветеринариялық препараттар - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген шешімі бойынша коммуналдық меншікке беріледі; 3) мүлiктiк кешендер ретiнде коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - коммуналдық заңды тұлғалар), акционерлік қоғамдардың акциялары және коммуналдық меншiктегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестіктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлестерi облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмдiгi қаулысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң республикалық меншiкке қабылдау туралы шешiмiнiң негiзiнде республикалық меншiкке берiледi; 4) коммуналдық кәсiпорындар мүлкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және теңгерiмiне мүлiк берiлетiн республикалық заңды тұлғаны мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік органмен (не уәкiлетті органмен) келісілген облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмдiгiнiң қаулысы негiзiнде республикалық меншiкке берiледi. 3. Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн 30 күннен аспайтын мерзiмде берушi және қабылдаушы тараптардың уәкiлеттi лауазымды тұлғалары қол қоятын және республикалық және коммуналдық меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi орган басшылары бекiтетiн мүлiктi қабылдап алу-беру актісi (табыстау актiсi) ресiмделедi. Қабылдап алу-беру актiсi (табыстау актiсi) мемлекеттік және орыс тiлдерiнде төрт данада, қабылдау-беру актiсiн (табыстау актісiн) ресiмдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшiн бiр данадан жасалады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |