Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінін кейбір мәселелері (2014.23.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері олардан Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін қаржыландыру Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекітуді және оларды әділет органдарында тіркеуді; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1003 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: реттік нөмірі 1-жолдың 2-бағанындағы «министрлігі,» деген сөзден кейін «оның аумақтық органдарын және» деген сөздермен толықтырылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|