|
|
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары «Ионосфера институты», «Ғарыштық зерттеулер институты» және «В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты» жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қосылу және қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) қоғамның Жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне берсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 38 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-115-жолмен толықтырылсын: «123-115 «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ». 3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 282-2-жолмен толықтырылсын: «282-2. «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ». 4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 191-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімнің реттік нөмірі 2-жолы алып тасталсын; «Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын: «4. «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы». 5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі 51. «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы 100%»; көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 119-жол алып тасталсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |