|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің
Осы редакция 2014 жылғы 17 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес мемлекет пен кәсіпкерлердің өзара іс-қимыл жасауын жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі — Кеңес) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Кеңес туралы ереже; 2) Кеңестің лауазымдық құрамы бекітілсін. 3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы сәуірдің 9-ы.
№ 791
Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері
5. Кеңестің негізгі міндеттері: 1) мына: Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базасын жетілдіру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |