Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің нышаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің эмблемасы болып белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туының; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі эмблемасының бейнесі мен сипаттамасы бекітілсін. 3. Былай деп айқындалсын: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің туы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының кабинетінде орнатылады. Ту үй-жайдан әскерлердің шеруіне, жеке құрамның қатысуына байланысты іс-шараларға және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатысуына байланысты барлық қажетті жағдайларда алып шығарылады (тігіледі); 2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің эмблемасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметтік ғимараттарында орнатылады; 3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бұйрықтарымен және өзге де нормативтік актілерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі нышандарының бейнесін пайдаланудың және міндетті қайта жаңғыртудың басқа да жағдайлары көзделуі мүмкін. 4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің нышандарын дайындауды бюджетте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін ұстауға бөлінетін қаражат есебінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындайтын кәсіпорындар жүзеге асырады деп белгіленсін. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|