Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы ереже (2024.22.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - Комитет) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Комитетке егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.10. № 721 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. ҚР Ішкі істер министрінің 2019.24.09. № 823 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.02.06. № 443 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда 8. Комитеттің орналасқан жері: индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Бейімбет Майлин көшесі, 2-үй. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|