ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.10. № 721 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.24.01. № 18 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.11.04. № 287 бұйрығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 36-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы (2024.11.03. берілген өзгерістермен)
1. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) қала және облыс аумағындағы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріне басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департамент ҚАЖ мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды. 2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|