Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2015.04.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Мыналар: 1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің аумақтық бөлімшелері болып; 2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|