Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2012.07.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 527-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі туралы Ережеде: 11-тармақтың 21) тармақшасы «лицензиялауды» деген сөзден кейін», соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлері: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою» деген сөздермен толықтырылсын; 3) «Қазақстан Республикасындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 556-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ережесінде: 3-тармақта: жетінші абзац алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі; Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі»; 9-тармақтың 2-тармақшасында «есірткі құралдары,»деген сөздердің алдынан «денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа» деген сөздермен толықтырылсын; 13-тармақта: бірінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын: «13. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі»; 2) және 3) тармақшалар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: «13-1 Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі: өнеркәсіп саласында пайдалану үшін есірткі құралдарын психотроптық заттарды және прекурсорларды тұтынудың нормаларын қорытады және белгілейді және оларды белгіленген тәртіппен Комитетке ұсынады; өз құзыретінің шегінде есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар өндірісінің, сондай-ақ құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлары бар шикізаттарды өңдеу саласына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.». 20-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.»; 22-тармақтың 5) тармақшасында «есірткі құралдары» деген сөздердің алдынан «денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа» деген сөздермен толықтырылсын.»; 47-тармақтың 1) тармақшасында «Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын. 55-тармақтың 1) тармақшасында «өндіруші кәсіпорын» деген сөздердің алдынан «дәріхана жағдайында дәрілік құралдар дайындауды қоспағанда» сөздермен толықтырылсын: 63-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «медициналық ұйымдарға.»; 119-тармақтың бірінші абзацында «пайдалану-»деген сөзден кейін «соның ішінде, дәріхана жағдайында дәрілік құралдарды дайындаумен байланысты» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарындағы қосымшаларда: «Берілді» деген жолдағы «лицензиаттың» деген сөзден кейін «филиалының, өкілдігінің» деген сөздермен толықтырылсын; қосымшаларға сәйкес Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензия нысанымен және оған қосымшамен толықтырылсын; 4) ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
11-қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі ҚР елтаңбасы
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлеріне Мемлекеттік лицензия
_______________________________________________________ берілді лицензиаттың толық атауы, заңды мекен-жайы, Е-mail Лицензия кімге берілген, Т.А.Ә. _______________________________ Қоса беріліп отырған Қосымшаға сәйкес _________________________ ____________________________________________________ айналысуға («Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуын іс-әрекет шаралары туралы» ҚР Заңына сәйкес түрінің атауы) Лицензияны қолданудың ерекше шарттары ________________________ Лицензиар-орган ______________________________________________ (лицензиар органының толық атауы) Басшысы _______________________________________ _____________ (лицензия берген орган басшысының Т.А.Ә.) (қолы) Лицензия берілген күн 200__жылғы»___»_______________________ Лицензияның нөмірі ___________________________________________ Лицензияның қолданылу мерзімі ________________________________ Мөр орны ___________ қаласы № 00000 Түсі күңгірт-жасыл 12-қосымша Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензияға қосымша 200__жылғы»___"_____№ (лицензиясыз жарамсыз) _________________________________________________________________ лицензиаттың толық атауы, заңды мекен-жайы Мекен-жайында орналасқан ____________________________ объектісіне дәріхана ұйымының түрі _________________________________________________ берілді Олардың шегінде 200__ жылға арналған айналым жүзеге асырылатын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі мен саны _________________________________________________________________ Атауы Саны _________________________________________________________________ 1 2 _________________________________________________________________ 1. _________________________________________________________________ 2. _________________________________________________________________ 3. және т.б. _________________________________________________________________ Қосымшаны берген орган __________________________________________ (лицензиялайтын органның толық атауы) Басшысы __________________________________________ _____________ (лицензия берген орган басшысының Т.А.Ә.) (қолы) Берілген уақыты 200___жылғы»__"_________ ________________ Қосымшаның нөмірі _______________________________________________ Қолданылу мерзімі _______________________________________________ Мөр орны __________ қаласы , |