Қазақстан Республикасын 2002 жылы есiрткi құралдарымен және психотроптық заттармен қамтамасыз ету мәселелері
Осы редакция 2014 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінiң 4-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды қажетсiнуiнiң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) заңды тұлғалардың есiрткi құралдарын тұтынуының 2002 жылға арналған нормативтерi; 2) заңды тұлғалардың психотроптық заттарды тұтынуының 2002 жылға арналған нормативтерi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитетi 2002 жылғы 25 қаңтарға дейiнгi мерзiмде есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен қамтамасыз етудiң нормативiн есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды өндiрушi кәсiпорындар мен әкелудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар арасында бөлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, № 47-48, 556-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінде: 4-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацындағы «өтiнiштерi негiзiнде» деген сөздерден кейiн «Комитет белгiлейтiн тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын; 2) «Қазақстан Республикасының есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды қажетсiнуiнiң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 қыркүйектегi № 1162 қаулысына: көрсетiлген қаулыға «Есiрткi құралдарына қажеттiлiктi есептеу» деген 1-қосымшада: «Елдiң iшiнде медициналық және ғылыми мақсаттарда тұтынуға арналған мөлшерi» деген 1-бағанда: «Кодеин» деген жолда «КГ» деген бағандағы «523» деген сан «23» деген санмен ауыстырылсын; «Морфин» деген жолда «Г» деген бағандағы «204» деген сан «209» деген санмен ауыстырылсын; «фентанил» деген жолда «Г» деген бағандағы «140» деген сан «141» деген санмен ауыстырылсын; «Омнопон» деген жолда «Г» деген бағандағы «840» деген сан «863» деген санмен ауыстырылсын; «Тримеперидин» деген жолда «Г» деген бағандағы «380» деген сан «531» деген санмен ауыстырылсын; «Дайындауға арналған саны» деген 2-бағандағы (а) тармақшасында: «Тебаин» деген жолдағы «КГ» деген баған «1» деген санмен толықтырылсын; «Фентанил» деген жолдағы «Г» деген баған «150» деген санмен толықтырылсын; «Тримеперидин» деген жолдағы «КГ» және «Г» деген бағандар тиiсiнше «35» және «200» деген сандармен толықтырылсын; (с) тармақшасында: «Кодеин» деген жолдағы «КГ» деген баған «500» деген санмен толықтырылсын; көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: IV тiзiмде: «Мазиндол» деген жолдағы «7,063» деген сан алынып тасталсын; «Мезокарб» деген жолдағы «23,082» деген сан «7,063» деген санмен ауыстырылсын; «Медазепам» деген жолдағы «0,300» деген сан «23,082» деген санмен ауыстырылсын; «Мепробамат» деген жол «0,300» деген санмен толықтырылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 79 қаулысымен бекітілген Заңды тұлғалардың есірткі құралдарын тұтынуының 2002 жылға арналған нормативтері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 79 қаулысымен бекітілген
|