Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен (2010.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.01.07. № 681 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу ережелері бекітілсін. 2. «Республикалық бюджет қаражатының есебінен адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі № 1361 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 43, 393-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері
ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2010.01.07. № 681 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Адвокаттардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 72-бабына, 80-бабының екінші бөлігіне, 408-бабының төртінші бөлігіне, 455-бабының бесінші бөлігіне, 467-1-бабына Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 114 және 304-баптарына, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 590-бабына және «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 5-бабының 2-тармағына және 6-бабына сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсетiлетiн заң көмегiне ақы төлеу және осы жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуiне байланысты шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі сомаларды республикалық бюджет қаражатының есебіне жатқызу үшін заң көмегіне мұқтаж адамды заң көмегіне ақы төлеуден толықтай немесе ішінара босату және адвокаттардың кәсіптік ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы қорғаушыны тағайындау туралы қылмыстық істі жүргізетін органның, судьяның, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) қаулысы және азаматтық істер жөніндегі судьяның немесе соттың (бұдан әрі - тиісті орган) ұйғарымы негіз болып табылады. Тиісті органның қаулысы немесе ұйғарымы тергеу әрекеті не қылмыстық істі алдын-ала тыңдау, не азаматтық іс бойынша сот отырысы, не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірілмей адвокаттардың кәсіби ұйымына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне қорғаушыны немесе өкілді тағайындау үшін жіберілуге тиіс және міндетті орындауға жатады. Кейінге қалдыруға болмайтын, қорғаушының қатысуымен шұғыл тергеу әрекетін жүргізуді талап ететін жағдайларда адвокатты тағайындауға тергеу немесе анықтау органының телеграф не телефакс, не телефон байланысы арқылы адвокаттар алқасы төралқасына немесе заң консультациясына берген жазбаша хабарлама негіз болып табылады. Адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы қаулыны немесе ұйғарымды шығару және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу үшiн адвокаттың өтiнiшi негiз болып табылады. Адвокаттың ауызша заң консультацияларын беруі және құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттарды жасауы жөніндегі шығыстарды республикалық бюджет қаражатының есебіне жатқызу үшін Заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес аумақтық әділет органына ұсынылатын адвокаттың орындаған жұмысы туралы акт және адвокаттар алқасының өтінімі негіз болып табылады. Аумақтық әділет органына адвокаттар алқасының өтінімді тапсыруы үшін адвокаттың өтініші, адвокат орындаған жұмыс туралы акт және Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен адвокат тегін көрсеткен заң көмегін есепке алу журналы негіз болып табылады. ҚР Үкіметінің 2010.01.07. № 681 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Анықтау органының немесе тергеушiнiң республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығындарды өтеу туралы қаулысы адвокат тапсырманы орындағаннан кейiн, ал тапсырманы орындау бiр айдан асып кетсе - әр айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады. ҚР Үкіметінің 2010.01.07. № 681 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Республикалық бюджет қаражатының есебiнен қылмыстық iс бойынша адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы сот қаулысы үкiм қабылдаумен не iстi қосымша тергеуге жiберу немесе iстi тоқтату туралы процессуалдық шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады. Сот талқылауы бiр айдан асып кетсе, сот қаулысы ай сайын шығарылады. Сот қаулысы адвокаттың өтiнiшi бойынша үкiм жарияланғаннан кейiн де шығарылуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2010.01.07. № 681 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен адвокат тегін көрсеткен заң көмегін адвокат журналға есепке алуды жүргізеді, онда мыналар көрсетілуге тиіс: 1) заң көмегін алуға жүгінген адамның тегі, аты, әкесінің аты; 2) заң көмегін алуға жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері; 3) заң көмегін тегін көрсетуге негіз болған құжаттың атауы мен деректемелері; 4) заң көмегін алуға жүгінген адамның тұрғылықты жері; 5) мәселенің мәні; 6) көрсетілген заң көмегінің мәні; 7) заң көмегіне жүгінген күн; 8) заң көмегі көрсетілген күн; 9) заң көмегін көрсетудің ұзақтығы; 10) заң көмегін алған адамның қолы; 11) адвокаттың қолы. Журналдың негізінде адвокат ай сайын орындалған жұмыс туралы акт жасайды, онда мыналар міндетті түрде көрсетілуі тиіс: 1) адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты; 2) тегін заң көмегі көрсетілген адамдардың саны; 3) ауызша немесе жазбаша заң консультацияларының саны; 4) құқықтық сипаттағы жазбаша құрастырылған құжаттардың саны; 5) заң көмегін көрсетуге жұмсалған сағаттың жалпы саны; 6) төлеуге жататын жалпы сома; 7) адвокаттың қолы. Адвокаттың қолы қойылған орындалған жұмыс туралы актіні және есепті айдағы журналды заң консультациясының немесе адвокаттық кеңсенің басшысы немесе адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы бекітеді және адвокаттар алқасы төралқасына адвокаттық өтінішімен бірге ұсынылады. Адвокат өтінішінің, орындалған жұмыс туралы актінің және есепті айдағы журналдың көшірмелері адвокаттың іс қағаздарына қосылады. ҚР Үкіметінің 2010.01.07. № 681 Қаулысымен 3-2-тармақпен толықтырылды 3-2. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес адвокаттардың заң көмегін көрсетуіне мына құжаттар негіз болып табылады: алимент өндіріп алу мәселелері бойынша - заң көмегін алуға жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бөлімінің ережелеріне сәйкес алимент өндіріп алу қажеттігін растайтын құжаттардың біреуі; зейнетақы және жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі не оралман куәлігі; 16 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша - туу туралы куәлік; ақтау мәселелері бойынша - қылмыстық іс бойынша ақтау немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату фактісін растайтын іс-жүргізу актісінің көшірмесі немесе прокуратура органы берген ақтау туралы анықтама; босқын мәртебесін алу мәселелері бойынша - пана іздеген адамның куәлігі; оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы егемендік алған сәтте одан тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша - ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктер не ата-ана құқықтарынан айыру туралы немесе хабар-ошарсыз жоғалып кетті деп тану туралы немесе оларды өлді деп жариялау туралы, немесе оларды әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы сот шешімінің, не баланың ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанын растайтын құжаттың көшірмесі. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды 4. Азаматтық iс бойынша адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және өкiлдiк етуге байланысты шығындарды өтеу туралы соттың ұйғарымы шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады. Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берiлген органның (лауазымды адамның) адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарумен бiр мезгілде шығарылады. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізiлдi ) (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.01.07. № 681 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен алдын ала тергеуде және анықтауда, сондай-ақ әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуде адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда (бұдан әpi - қаулы) мыналар көрсетiледi: қаулыны шығарған анықтаушының, тергеушінің, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істi қарауға уәкiлетті лауазымды адамның (бұдан әрi - тиістi орган) лауазымы, тегi, аты-жөні; істiң нөмiрi, атауы, оның қаралған орны, күні және уақыты; заң көмегiне ақы төлеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты; тапсырманы орындаған адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, оның өкiлеттігін куәландыратын ордердiң нөмiрi және берiлген күнi; күні мен caғатпен бөлінген уақыты және төлеуге жататын сомасы көрсетіле отырып, адвокат көрсеткен заң көмегiнiң түрлерi; күнi, уақыты және төлеуге жататын сомасы көрсетiле отырып, адвокаттың тергеу немесе iс жүргiзу әрекетінің басталуын күтуге жұмсаған сағаттарының саны; өтеуге жататын шығыстардың түрлерi мен сомасы көрсетіле отырып адвокаттың заң көмегiн көрсету үшін жол жүруімен байланысты іссапарға жұмсаған күндерінің саны; төлеуге жататын жалпы сома; адвокат мүшесi болып табылатын тиiстi адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелерi. Ақы төлеуге жататын уақыт адвокаттың: алдын ала тергеу және анықтау барысында iс жүргізу және тергеу әрекеттерiне, сондай-ақ әкiмшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысуға; қамауда ұсталатын сезiктiмен, айыпталушымен не әкімшілiк ұстауға тартылған адаммен кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге; қылмыстық iс не әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iс материалдарымен танысуға; тиiсті органның iс-әрекетіне шағым жасауға жұмсаған сағаттарымен есептеледi. Егер адвокат осы уақытта басқа істерге қатыспаса немесе Заңның 6-бабында белгіленген тәртіппен өзінің негізгі жұмыс орны бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырмаса, ақы төлеуге жататын уақыт адвокаттың тиісті органның жазбаша почта немесе телеграф, немесе факс, немесе телефон байланысын пайдалана отырып жасаған хабарламасында көрсетілген уақытта келген сәтінен бастап іс жүргізу немесе тергеу әрекеті аяқталғанға дейін есептеледі және тиісті іс жүргізу әрекеті хаттамасында тіркеледі. Сезiкті немесе айыпталушы не әкiмшiлiк жауапкершілiкке тартылған адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексінiң 72-бабының не Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 589-бабының тәртібімен тағайындалған адвокаттан бас тартқан кезде, адвокаттың iс материалдарымен танысуға, кездесу кезiнде заң көмегiн көрсетуге, осындай бас тартуды iс жүргiзу ресімдеуiне жұмсаған уақыты, сондай-ақ басқа жерге жол жүрген жағдайда iссапар және басқа да шығыстары төленуге жатады. Адвокат басқа жерге жол жүріп заң көмегiн көрсеткен жағдайда, егер адвокат бұл күнi басқа iстер бойынша iс жүргiзуге қатыспаса, тергеу немесе iс жүргiзу әрекетінің ұзақтығына қарамастан, ақы төлеу толық жұмыс күніне жүргiзiледi. Адвокаттың қамауда ұсталатын сезiктiмен немесе айыпталушымен не әкiмшілік ұстауға тартылған адаммен кездесу кезiнде заң көмегін көрсетуге жұмсаған уақыты тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының немесе iшкi iстер органдарының арнайы қабылдау орындарының анықтамалары бойынша айқындалады. Алдын ала тергеу немесе анықтау барысында қылмыстық істің нe әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iстiң материалдарымен танысқаны үшін ақы төлеуге жататын уақытты iстің күрделілігін ескере отырып, тиісті орган белгiлейдi. Бұл ретте қылмыстық iс материалдардың бip томын зерделеуге кеткен сағатының ең аз мөлшерi - үш сағаттан, әкімшілiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша бiр сағаттан кем болмауы тиiс. Тиiстi органның iс-әрекеттеріне шағым жасау үшiн қажетті уақытты iстiң күрделілігін ескере отырып, адвокат белгілейдi және ол екi сағаттан кем болмайды. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен; 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізiлдi ) (бұр. ред. қара) 6. Адвокаттың тергеуде және анықтауда қылмыстық iс бойынша немесе әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысқан бiр сағат iшiндегi көрсеткен заң көмегiне, соның iшiнде iс материалдарымен танысқаны, iс бойынша шағым жасағаны үшiн ақы төлеу мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерiнiң 1/21 есебiнен белгіленедi. Адвокаттың қамауда ұсталатын сезiктiмен не айыпталушымен не әкiмшiлiк ұстауға тартылған адаммен кездесуге жұмсаған уақыты осы тармақтың бiрiнші абзацында белгіленген ақының 75 пайызы мөлшерiнде төленеді. Егер адвокат белгiленген уақытта келсе және басқа iстер бойынша iс жүргiзуге қатыспаса, адвокаттың тергеу немесе iс жүргiзу әрекетiнiң басталуын күтуге жұмсаған уақыты осы тармақтың бiрiншi абзацында белгіленген ақының 50 пайызы мөлшерiнде төленедi. Адвокаттың Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргізу кодексiнiң 68-бабында белгіленген мерзім аяқталатын, кейiнгi қалдыруға болмайтын жағдайда түнгi уақытта сезiктiден немесе айыпталушыдан жауап алуға қатысқан әрбiр сағатына осы тармақтың бiрiнші абзацында белгіленгеннен бiр жарым еседен кем емес мөлшерде ақы төленедi. Адвокаттың Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргізу кодексiнің 68-бабында белгіленген мерзiм аяқталатын демалыс және мереке күндерi сезiктiден немесе айыпталушыдан жауап алуға қатысқан әрбiр сағатына осы тармақтың бiрiнші абзацында белгіленгеннен екi еседен кем емес мөлшерде ақы төленедi. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен; 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.01.07. № 681 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу туралы және сотта қорғауға және өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда немесе ұйғарымда (бұдан әрi - қаулы немесе ұйғарым) мыналар көрсетiледi: тиiстi соттың атауы, қаулыны немесе ұйғарымды шығарған судьяның лауазымы, тегі, аты-жөнi; iстiң нөмiрi, атауы, оның қаралған орны, күнi және уақыты; заң көмегіне ақы төлеуден босатылған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты; тапсырманы орындаған адвокаттың тегi, аты, әкесiнің аты, оның өкiлеттігін куәландыратын ордердiң нөмiрi және берiлген күнi; күнi мен сағатпен бөлінген уақыты және төлеуге жататын сомасы көрсетiле отырып, адвокат көрсеткен заң көмегiнiң түрлерi; күнi, уақыты және төлеуге жататын сомасы көрсетіле отырып, адвокаттың сот отырысының басталуын күтуге жұмсаған сағаттарының саны; күнi, уақыты және төлеуге жататын сомасы көрсетiле отырып, адвокаттың басты сот талқылауы кейiнге қалдырылған жағдайда оның жалғасын күтуге жұмсаған сағаттарының саны; өтеуге жататын шығыстардың түрлерi мен сомасы көрсетiле отырып, адвокаттың заң көмегiн көрсету үшін жол жүруiмен байланысты iссапарға жұмсаған күндерінің саны; төлеуге жататын жалпы сома; адвокат мүшесi болып табылатын тиiсті адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелерi. Ақы төлеуге жататын уақыт адвокаттың: қылмыстық немесе азаматтық iстiң не әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iстiң материалдарымен, cот отырыстарының хаттамаларымен танысуға; қамауда ұсталатын сотталушымен немесе сотталған адаммен не әкімшілiк ұстауға тартылған адаммен кеңесу кезiнде заң көмегiн көрсетуге; қылмыстық және азаматтық iстер бойынша бiрiншi, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттарға не әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысуға; қылмыстық не азаматтық iс бойынша аппелляциялық немесе қадағалау шағымдарын, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымдар, cот отырыстарының хаттамаларына ескертулер жасауға жұмсаған сағаттарымен есептеледi. Егер адвокат қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеуге немесе анықтауға қатыспаса сотқа дейiнгі дайындық барысында осы iстiң материалдарымен не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істің немесе азаматтық iстің материалдарымен, сондай-ақ сот отырысының хаттамасымен танысқаны үшін ақы төлеуге жататын уақытты iстің күрделілігін ескере отырып, судья белгілейдi. Бұл ретте қылмыстық iс материалдарының бiр томын зерделеуге кеткен уақыттың ең аз мөлшерi үш сағаттан, азаматтық iс немесе әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iс - бiр сағаттан, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау eкі сағаттан кем болмайды. Адвокаттың қамауда ұсталатын сотталушымен не сотталған адаммен не әкiмшiлiк ұстауға тартылған адаммен кездесу кезiнде заң көмегiн көрсетуге жұмсаған уақыты тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының немесе iшкi iстер органдарының арнайы қабылдау орындарының анықтамалары бойынша белгiленедi. Егер адвокат осы уақытта басқа істерге қатыспаса немесе Заңның 6-бабында көзделген тәртіппен өзінің негізгі жұмыс орны бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырмаса, сотқа қатысқаны үшін ақы төлеуге жататын уақыт соттың жазбаша почта немесе телеграф, телефакс немесе телефон байланысын пайдалана отырып жасаған хабарламасында көрсетілген уақытта адвокаттың келген сәтінен бастап, төрағалық етуші сот отырысының жабылуы туралы хабарлағанға дейін есептеледі және сот отырысы хаттамасында тіркеледі. Сотталушы немесе әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылған адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексiнің 72-бабының не Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 589-бабының тәртібімен тағайындалған адвокаттан бас тартқан кезде, адвокаттың iс материалдарымен танысуға, кездесу кезiнде заң көмегiн көрсетуге, осындай бас тартуды іс жүргізу ресiмдеуiне жұмсаған уақыты, сондай-ақ басқа жерге жол жүрген жағдайда iссапар және басқа да шығыстары төленуге жатады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 321-бабының 1-бөлігінде белгiленген тәртiппен іс бойынша басты сот талқылауын басқа уақытқа не басқа күнге кейінге қалдырған жағдайда, егер адвокат бұл уақытта басқа iстер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, немесе Заңның 6-бабында көзделген тәртіппен өзінің негізгі жұмыс орны бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырмаса адвокаттың басты сот талқылауының жалғасын күтуге жұмсаған барлық, бiрақ бір күннен аспайтын жұмыс уақыты төленуге жатады. Адвокат басқа жерге жол жүріп заң көмегiн көрсеткен жағдайда, егер бұл күні басқа iстер бойынша іс жүргізуге қатыспаса іс бойынша сот талқылауының ұзақтығына қарамастан, ақы төлеу толық жұмыс күніне жүргiзiледi. Қылмыстық немесе азаматтық іс бойынша апелляциялық немесе қадағалау шағымын не әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасағаны үшін ақы төлеуге жататын уақытты iстің күрделілігін ескере отырып адвокат белгілейдi және ол уақыт екi сағаттан кем болмайды. Қылмыстық iстiң күрделілігін айқындаған кезде қылмыстық істің соттылығы, яғни қылмыстық iстердiң облыстық және оларға теңестірілген соттардың (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған соттар - Қазақстан Республикасы әскерлерiнің Әскери соты) бірінші сатысы бойынша қаралуы, іс материалдарының көлемi және таңылған қылмыстардың ауырлығы, айыпталушылардың саны есепке алынады. ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды 7-1. Адвокаттың сотта іс бойынша іс жүргiзуге қатысқан бiр сағат ішіндегі көрсеткен заң көмегiне, соның ішінде, егер ол осы іс бойынша алдын ала тергеуге не анықтауға қатыспаса, сотқа дейінгі дайындық барысында қылмыстық ic немесе әкімшiлік құқық бұзушылық туралы іс не азаматтық іс материалдарымен, сот отырысының хаттамасымен танысқаны, қылмыстық не азаматтық iс бойынша апелляциялық немесе қадағалау шағымын немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша шағым, сондай-ақ сот отырысының хаттамасына ескертулер жасағаны үшін ақы төлеу мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінiң 1/21 есебiнен белгіленеді. Адвокаттың қамауда ұсталатын сотталушымен не сотталған адаммен не әкімшілік ұстауға тартылған адаммен кездесуге жұмсаған уақыты осы тармақтың бiрiншi абзацында белгiленген ақының 75 пайызы мөлшерiнде төленедi. Егер адвокат белгiленген уақытта келсе және басқа iстер бойынша iс жүргiзуге қатыспаса, оның iс бойынша сот талқылауының басталуын күтуге жұмсаған уақытына, сондай-ақ егер адвокат осы уақытта басқа адамдарға заң көмегін көрсетпесе, басты cот талқылауын кейінге қалдыру уақытына осы тармақтың бiрiншi абзацында белгіленген ақының 50 пайызы мөлшерiнде ақы төленедi. ҚР Үкіметінің 2010.01.07. № 681 Қаулысымен 7-2-тармақпен толықтырылды 7-2. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3-тармақшасында белгіленген жағдайларда адвокаттың ауызша немесе жазбаша заң консультацияларын беру, құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттарды жасау түрінде көрсеткен заң көмегінің бір сағаты үшін ақы төлеу мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінің 1/21-і есебінен белгіленеді. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара) 8. Соттың не тиiсті органның қаулысына және ұйғарымына сәйкес адвокаттың басқа жерге жол жүруiне байланысты iссапар шығыстары Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерi үшін көзделген нормалар бойынша және тәртiппен төленуге жатады. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді ; ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара) |