|
|
|
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 7-қосымша
Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (2023.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеу жүргізуді нақтылайды. 2. Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Тұқымдардың фенотиптік белгілері бойынша жіктеуіші, ешкілердің таза тұқымдылығын анықтау
3. Жаңа тұқымдарды өсіру кезінде пайдаланылған бастапқы тұқымдардың ерекшеліктеріне, асыл тұқымдық жұмыс әдістеріне, жүнді, түбітті және сүтті өнімділігінің айқындылық дәрежесіне және сипатына қарай Қазақстан Республикасында өсірілетін ешкілер үш негізгі бағыт бойынша: жүнді, түбітті және сүтті болып бөлінеді. Мұндай бөлінудің негізіне жеке селекцияланатын белгілердің даму дәрежесі мен маңыздылығы жатқызылады. Жүн бағытындағы ешкілер – советтік жүн тұқымы және оның будандары; Түбіт бағытындағы ешкілер – таулыалтай тұқымы, орынбор тұқымы және олардың будандары; Сүт бағытындағы ешкілер – заанен тұқымы, ағылшын-нубия тұқымы және олардың будандары. 4. Ешкілердің тұқымдылығы тұқымның шығу тегі мен айқындылық типін растайтын құжаттардың бар-жоғына тексеріп-қарау және салыстыру арқылы анықталады. Тұқымды ешкілер таза тұқымды және будандастырылған болып бөлінеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |