Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған (2012.23.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніңдегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар: 1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет 1 ақпанға және 1 тамызға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Мыңалардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республнкасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніңдегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 54, 595-құжат); 2) «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды жетілдіру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шілдедегі № 773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 236-құжат). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|