ҚР Президентінің 2022.11.08. № 977 Жарлығымен оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына 2-ҚОСЫМША
ҚР Президентінің 2022.11.08. № 977 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже (2024.06.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2020.24.03. № 292 Жарлығымен 1-тарау тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2022.11.08. № 977 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады. ҚР Президентінің 2022.01.07. № 952 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. ҚР Президентінің 2020.24.03. № 292 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 952 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|