Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықты орындауды бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 86 бұйрығымен бекітілген
Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі ереже
1. Осы Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген. 2. Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес - арнайы экономикалық аймақтар құрудың немесе оларды таратудың орындылығы мәселесін қарау үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жанынан құрылатын ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - сарапшылық кеңес). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|