ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.27.02. № 80 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.20.04. № 37 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 1-қосымша
Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары (2023.07.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 7-6) тармақшасына және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Қағидалар концессиялық жобаларды ұсынуды, қарауды және іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) алдын ала есеп айырысулар – жол берулерді көрсете отырып, концессиялық жобаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есеп айырысулар. Алдын-ала есептеулер ашылмалы формулалары бар Microsoft Office Excel форматында жасалады және қағаз және электронды түрде ұсынылады; 2) Жергілікті жоба – коммуналдық меншікке жататын объектілер (бұрыннан бар немесе салынуы болжанатын) бойынша іске асырылатын концессиялық жоба және/немесе бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар болып табылады және Заңның 13-бабына сәйкес; 3) республикалық жоба – республикалық меншікке жататын объектілер (бұрыннан бар немесе салынуы болжанатын) бойынша іске асырылатын концессиялық жоба және/немесе екі және одан да көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың субъектілері концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар болып табылады және Заңның 12-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|