|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2020 жылғы 7 шiлдедегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 110-баптың 12-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескертудің мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»; 2) 242-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Дәрілік заттар қаптамасына (бастапқы және (немесе) қайталама) қазақ және орыс тілдерінде жақсы оқылатын қаріппен басылған таңбамен және қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен (қосымша парақ) айналысқа түсуге тиіс. Таңбалау және медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық (қосымша парақ) мәтіндері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»; «3. Медициналық бұйымдар қазақ және орыс тілдерінде тікелей медициналық бұйымдарға және (немесе) қаптамасына басылған таңбамен және медициналық бұйымға арналған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен немесе пайдалану құжатымен айналысқа түсуге тиіс. Таңбалаудың, медициналық бұйымға арналған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың немесе пайдалану құжатының мәтіндері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»; 3) 251-баптың 1-тармағында: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, Қазақстан Республикасында бекітілген шекті көтерме және бөлшек сауда бағасынан төмен бағамен өткізу үшін Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік препараттарды қазақ және орыс тілдерінде жақсы оқылатын қарпі бар стикерлер пайдаланыла отырып және Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық бұйымдарды қазақ және орыс тілдерінде стикерлер пайдаланыла отырып және қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен (қосымша парақ) не медициналық бұйымға арналған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен немесе пайдалану құжатымен қоса әкелуге жол беріледі.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Стикерлердің, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың (қосымша парақ), медициналық бұйымға арналған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың немесе пайдалану құжатының мәтіндері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.». 2. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына: 24-2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Билеттерді сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оларды ресімдеу кезінде мәліметтердің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде, ал халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде қосымша ағылшын тілінде толтырылуын қамтамасыз етуге міндетті.». 3. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы – түпнұсқаның мағынасы мен мазмұнын өзгеріссіз сақтайтын мәтіннің басқа тілге аудармасы;»; 7) тармақша алып тасталсын; 2) 3-бапта: тақырыптағы және бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «Тiл туралы заңдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 19-бапта: тақырыптағы «, ұйымдардың атауларын» деген сөздер алып тасталсын; бірінші бөліктегі «басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлуге тиiс» деген сөздер «мемлекеттік тілде жазылады» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік алып тасталсын; 4) 21-бапта: мынадай мазмұндағы бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын: «Деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндері орфография нормалары және мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы сақтала отырып жазылады.»; 1-бабының 3-тармағының 4) тармақшасының төртінші – оныншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «Мемлекеттік ұйымдардың бланкілері мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де жазылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де жазылады. Мемлекеттік ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де орналастырылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады. Қазақстан Республикасында қорғалатын, мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшаларында пайдаланылатын тауар белгілері өзгермеген түрінде жазылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жол белгілеріндегі жазбалар мемлекеттік тілде жазылады.»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады.»; алтыншы бөліктегі «Көрнекі», «көрнекі» деген сөздер тиісінше «Деректемелер мен көрнекі», «деректемелер мен көрнекі» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 25-5-баптың 2) тармақшасы «әдеби тіл» деген сөздерден кейін «және орфография» деген сөздермен толықтырылсын. 4. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 94-баптың 1-тармағында: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Темiржол станцияларында, вокзалдарда, пойыздарда және жолаушыларға, жөнелтушiлерге (жүк жөнелтушiлерге), алушыларға (жүк алушыларға) қызмет көрсетiлетiн басқа да орындарда ақпарат мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде, қажет болған кезде басқа тiлдерде де берiледi.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.». 5. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 19-12-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін, тұтынушының ықтимал тәуекелдердi бағалауы және оның тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін қажетті мемлекеттiк тiлдегі және орыс тіліндегі пайдалану құжаттамасын және басқа да ақпаратты беруге;»; 2) 21-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде, оның ішінде билет кассаларында ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де беріледі. Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»; 3) 22-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) жолаушылар мен багаж тасымалдарын ұйымдастыру туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде және орыс тілінде беруге;»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) жолаушылар мен багаж тасымалдарын ұйымдастыру туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде және орыс тілінде беруге;». 6. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 6-баптың 2-тармағында: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де таратылады.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Жарнама мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»; 2) 8-баптың 1-1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Әлеуметтік жарнама Қазақстан Республикасының аумағында қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де эфирге оның күн сайынғы шығатын барлық уақыты бойы біркелкі таратылады.»; 3) 11-баптың 2-2-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздер алып тасталсын. 7. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 32-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тауар сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде заттаңбаларда, затбелгілерде, жапсырмаларда (стикерлерде), қосымша парақтарда, материалдық жеткізгіштерде қамтылуға тиіс.». 8. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 37-баптың 5-тармағындағы «мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қолайлы жерге» деген сөздер «көрсетілетін байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қолжетімді жерлерге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттiк тiлде және орыс тілінде» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Айлақтардың, порттардың иелері жолаушыларға қызмет көрсету орындарында, оның ішінде билеттер сатылатын пункттерде ақпаратты мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де беруге міндетті. Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»; 2) 51-баптың 3-тармағында: «жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру туралы көрнекi және қолжетiмдi нысанда уақтылы әрi анық ақпарат» деген сөздер «жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру туралы ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.». 10. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 7-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) машиналар мен жабдықтарды «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін, пайдаланушының ықтимал тәуекелдерді бағалауы және оның тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін қажетті мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен және басқа да ақпаратпен қамтамасыз етуге;». 11. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 7-бапта: 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Таңбалау мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»; 6-тармақтың 1) тармақшасындағы «оларға тиісті қауіпсіздік шараларын қолдануы үшін тұтынушыны мемлекеттік және орыс тілдеріндегі пайдалану құжаттамасымен және басқа да қажетті ақпаратпен» деген сөздер «оның тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін қажетті «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі пайдалану құжаттамасымен және басқа да қажетті ақпаратпен тұтынушыны» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 15-баптың 9-тармағының бірінші сөйлеміндегі «мемлекеттік және орыс тілдерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде және орыс тілінде» деген сөздермен ауыстырылсын. 12. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 24-баптың бірінші бөлігінің 1) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты беруге;»; «8) бақылау-касса машиналары тұрған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі туралы және бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның мемлекеттік кіріс органына (тиісті мемлекеттік кіріс органының телефон нөмірі көрсетіле отырып) жүгіну құқығы туралы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты орналастыруға;»; 2) 25-бапта: 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»; 1-бабының 12-тармағының 2) тармақшасының төртінші – жетінші абзацтары абзацтары 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 3-1-тармақта: бірінші бөліктегі «қазақ және (немесе) орыс тілдерінде» деген сөздер «қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Ақпарат мәтіні, сондай-ақ мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»; 3) 26-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі өзінің атауын (фирмалық атауын), тұрған жерін (заңды мекенжайын) және жұмыс режимін тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында орналастыра отырып, көрсетілген ақпаратты тұтынушының назарына жеткізуге міндетті.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) жүзеге асыратын қызметтің түрі лицензиялауға жатса, тұтынушыға лицензия, оның қолданылу мерзімі, оны берген мемлекеттік орган туралы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі ақпарат берілуге, сондай-ақ тұтынушының талап етуі бойынша лицензияның түпнұсқасымен немесе нотариат куәландырған көшірмесімен танысу мүмкіндігі берілуге тиіс.»; 4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі өзінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін) және уәкілетті органның байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) шарттарын, сондай-ақ сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты беру міндеті туралы ақпаратты тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында орналастыра отырып, көрсетілген ақпаратты тұтынушының назарына жеткізуге міндетті.»; 4) 33-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Сатушы (дайындаушы, орындаушы) бақылау-касса машиналары тұрған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі және бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның мемлекеттік кіріс органына жүгіну құқығы туралы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты орналастырады.». 13. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 65-1-баптың 3-тармағында: бірінші бөлік «тізбесі туралы» деген сөздерден кейін «қазақ және орыс тілдеріндегі, қажет болған кезде басқа тілдердегі де» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»; 2) 76-баптың 11-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын: «Жолаушыларға қызмет көрсету орындарында, оның ішінде билеттер сатылатын пункттерде ақпарат қазақ және орыс тілдерінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де беріледі. Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.». 14. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) діни мазмұндағы ақпараттық материал – кез келген материалдық жеткізгіштегі діни сипаттағы баспалық, электрондық және өзге де ақпарат;»; 2) 3-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.»; 3) 5-баптың 7) тармақшасындағы «ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі» деген сөздер «ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Дінтану сараптамасын діни қызмет саласында арнайы білімі және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар (мамандар), қажет болған кезде мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.»; 5) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын: «7-1-бап. Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарлама 1. Осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген діни іс-шараларды қоспағанда, діни бірлестік ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында олар өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді. 2. Хабарлама облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында тіркелген күн хабарлама берілген күн болып табылады. 3. Хабарламада мыналар көрсетіледі: 1) мақсаты; 2) діни бірлестіктің – ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды ұйымдастырушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, діни бірлестіктің тұрған жері, діни бірлестік басшысының немесе өкілдерінің байланыс деректері; 3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықта көзделген талаптарға сәйкес келетін ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар немесе қозғалыс маршруттары; 4) жоспарланатын күні, басталу және аяқталу уақыты, қатысушылардың болжамды саны; 5) дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, автомобиль көлігі құралдарын пайдалану ниеті, олардың жалпы саны мен қозғалыс маршруты; 6) хабарлама берілген күн. 4. Хабарламаға діни бірлестіктің басшысы қол қояды. 5. Діни бірлестік осы баптың 1-тармағында белгіленген хабарлама жіберу мерзімдерін бұзған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы хабарлама тіркелген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтініш берушіге хабарламаны қараусыз қалдыру туралы жауапты мынадай тәсілдердің бірімен: 1) қолма-қол; 2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында; 3) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат арқылы; 4) діни бірлестік хабарламада көрсеткен электрондық пошта мекенжайы бойынша; 5) діни бірлестік хабарламада көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша жібереді. 6. Хабарлама осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өтініш берушіге хабарламаның қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, хабарлама алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге осы баптың 5-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен сәйкессіздік туралы шешім жібереді. 7. Діни бірлестіктің сәйкессіздік туралы шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына пысықталған хабарламаны ұсынуға құқығы бар. 8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде діни іс-шаралар өткізілгенге дейін күнтізбелік екі күннен кешіктірілмейтін мерзімде осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімде хабарламаның осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкессіздігі жойылмаған жағдайда хабарламаның қайтарылғаны туралы жауапты жібереді. Хабарламаны қайтару туралы шешім негізделген және уәжді болуға тиіс және оған Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.»; 6) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кемінде екі жергілікті діни бірлестіктің бастамасы бойынша құрылған, жалпы саны кемінде Қазақстан Республикасының бес жүз азаматы болатын діни бірлестік өңірлік діни бірлестік деп танылады. Өңірлік діни бірлестіктер өңірлік діни бірлестіктерді құруға бастамашылық жасаған жергілікті діни бірлестіктер қызметі аумағының шегінде құрылады және өз қызметін жүзеге асырады.». 15. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 22-бапта: 1-тармақтың 7) тармақшасы «құжаттың болуы туралы» деген сөздерден кейін «мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Осы бапқа сәйкес берілуге жататын ақпарат «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»; 2) 23-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жарнама мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Жарнама мазмұнының аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауға тиіс.»; 3) 26-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздер «мемлекеттік тілде және орыс тілінде» деген сөздермен ауыстырылсын. 16. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Пошта операторларының қызметіне қатысты ақпараттық, анықтамалық және басқа да мәліметтер, сондай-ақ құжаттардың үлгілері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға қолжетімді жерлерде орналастырылады.». 17. «Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Қазақ тілінде фильмдерге дубляж жасау, оларды субтитрлеу не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз ету кезінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, олардың дұрыс құрастырылуы және дыбысталуы сақталуға тиіс. Субтитрлеу орфография нормаларына сәйкес жазылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |