Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына, 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) ретінде қайта құру жолымен; 2) «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына «Жасыл даму» акционерлік қоғамын қосу арқылы. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді; 2) серіктестік мемлекеттік тіркелгеннен кейін мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (бір жүз) пайызын «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беруді; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|