Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы (2017.07.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Бас Прокурорының 2017.07.12. № 154 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсанындағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 5-тармақшасын, 12-бабы 1-тармағы 3-тармақшасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы «Прокуратура туралы» Заңы 37-бабының 6)-тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) қамтамасыз етсін: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|