Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 - 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы (2021.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 - 2030 жылдарға арналған бас схемасы бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1171 қаулысымен бекітілген
Кіріспе
Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы (бұдан әрі - Бас схема) Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету басымдығының стратегиялық бағыттарын көздейтін кешенді құжат болып табылады. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес газдандырудың стратегиялық басымдықтары мынадай негізгі міндеттерді: 1) Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін сенімді газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін перспективалы газдандыруды дамытудың стратегиялық бағыттарын қалыптастыруды; 2) газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін жасау үшін негіз болып табылатын газдандыру жүйелерінің жұмыс істеп тұрған және салу жоспарланатын объектілерін орналастыру схемасын айқындауды; 3) Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық балансы құрылымында газ (тауарлық және сұйытылған мұнай) тұтынудың үлесін арттыру үшін жағдай жасауды шешуге бағытталған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|