«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында кәсіпорынды мемлекеттік қайта тіркеуді; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 64 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|