Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін 100 (жүз) пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтары және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін 100 (жүз) пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды жүзеге асырсын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 597 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|