Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 264-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
Осы редакция 2017 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне (бұдан әрі - халықаралық ұйымдарға) мүшелігінің құқықтық шарттарын айқындайды.
1-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігi 1. Қазақстан Республикасы Халықаралық Валюта Қорының (бұдан әрі - ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің (бұдан әрі - ХҚДБ), Халықаралық Қаржы Корпорациясының (бұдан әрі - ХҚК), Халықаралық Даму Қауымдастығының (бұдан әрі - ХДҚ), Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігінің (бұдан әрі - ИККА), Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталықтың (бұдан әрі - ИДРХО), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің (бұдан әрі - ЕҚДБ), Азия Даму Банкінің (бұдан әрі - АДБ), Ислам Даму Банкінің (бұдан әрі - ИДБ) мүшесі болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы барлық түзетулерін қоса алғанда, ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ келісімдері баптарына, ИДБ Құрылтай шартына, ИККА құру туралы конвенцияға және Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялар саласында дауларды реттеу туралы конвенцияға, ЕҚДБ, АДБ құру туралы келісімдерге қатысушы мемлекет болып табылады және тиісінше ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, ИККА, ЕҚДБ, АДБ Басқарушылар Кеңесі қарарларының Қазақстан Республикасының осы халықаралық ұйымдарға мүшелігіне қатысты ережелері мен шарттарын қабылдады. 3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы ХВҚ Қарыз алу арнаулы құқықтары департаментіне қатысушының барлық міндеттемелерін қабылдады.
2-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігіне байланысты қаржылық өзара қатынастары 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі арқылы заемдар тартуға, қаржыландырудың басқа да нысандарын пайдалануға және Қазақстан Республикасының атынан заемдар туралы тиісті келісімдердің шарттарына және қарарлардың, келісімдердің тиісті баптарының, құру туралы келісімдердің, конвенциялардың немесе Құрылтай шартының Қазақстан Республикасының осы халықаралық ұйымдарға мүшелігіне қатысты ережелеріне сәйкес ХҚДБ-ге, ХҚК-ге, ХДҚ-ға, ИККА-ға, ЕҚДБ-ге, АДБ-ге, ИДБ-ге сомалар төлеп отыруды қамтамасыз етуге уәкілетті. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ келісімдерінің баптарына, ЕҚДБ, АДБ құру туралы келісімдерге және ИККА Құру туралы конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, ИККА, ЕҚДБ, АДБ мүшелігіне қажет болуы немесе сай келуі мүмкін басқаға берілмейтін сыйақысыз борыштық міндеттемелердің кез келгенін шығаруға уәкілетті. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ХВҚ қаражатын оны сатып алу түрінде тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ХВҚ мүшелігіне қатысты қарарлардың және ХВҚ Келісімі баптарының шарттары мен ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының атынан ХВҚ-ға сомалар төлеп отыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ХВҚ Қарыз алу арнаулы құқықтары департаментінің қызметіне қатысуына байланысты төлемдерді жүзеге асыруға уәкілетті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып басқа халықаралық ұйымдардан заемдар тартуға, заемдар тартудың қаржылық шарттарын айқындауға және осындай заемдар бойынша келісімдерді дербес жасасуға құқылы. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ХВҚ Келісімінің баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының ХВҚ-ға мүшелігіне қажет болуы немесе сай келуі мүмкін басқаға берілмейтін сыйақысыз борыштық міндеттемелердің кез келгенін шығаруға уәкілетті.
3-бап. Халықаралық ұйымдармен қатынас жасасуға уәкілетті мемлекеттік органдар 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының қаржы органы ретінде ХҚДБ Келісімі баптарының 2-бөлімі III бабының талаптарына сәйкес іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының атынан ХҚДБ Келісімі баптарының, ЕҚДБ, АДБ құру туралы келісімдердің, ИДБ Құрылтай шартының ережелерінде көзделген барлық операциялар мен мәмілелерді орындауға уәкілетті. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының қаржы органы ретінде ХВҚ Келісімі баптарының 1-бөлімі V бабының талаптарына сәйкес іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының атынан ХВҚ Келісімі баптарының ережелерінде көзделген барлық операциялар мен мәмілелерді орындауға уәкілетті. 3. Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық ұйымдармен байланыс арнасы ретінде ХҚК Келісімі баптарының 10-бөлімі IV бабының, ХДҚ Келісімі баптарының 10-бөлімі VI бабының, ИККА Құру туралы конвенцияның 38-бабы V тарауының, ЕҚДБ Құру туралы келісімнің 34-бабы VI тарауының, АДБ Құру туралы келісімнің 38-бабы VI бөлімінің талаптарына сәйкес - Қаржы министрлігі, ал ИДБ Құрылтай шартының 40-бабы V тарауының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындап беретін лауазымды тұлға белгіленді. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келісімдердің тиісті баптарына, құру туралы келісімдерге, конвенцияларға немесе Құрылтай шартына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы түріндегі барлық авуарлардың, сондай-ақ ХВҚ-ның, ХҚДБ-ның, ХҚК-ның, ХДҚ-ның, ИККА-ның, ЕҚДБ-ның, АДБ-ның, ИДБ-ның басқа да активтерінің депозитарийі ретінде тағайындалады. 5. Қазақстан Республикасының Yкіметі ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, ИККА, ЕҚДБ, АДБ, ИДБ Басқарушылар Кеңестеріне, ИДРХО Әкімшілік Кеңесіне Қазақстан Республикасының өкілі (Басқарушы) ретінде Қазақстан Республикасының атынан міндеттерді орындау үшін тиісті лауазымды тұлғаны, сондай-ақ Басқарушы болмаған кезде міндеттерін орындау үшін барлық өкілеттіктер берілген оның орынбасарын тағайындауға уәкілетті.
4-бап. Халықаралық ұйымдардағы мүшелікке байланысты операцияларды жүзеге асыру ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ келісімдері баптарының, ИККА Құру туралы Конвенцияларының ЕҚДБ, АДБ құру туралы келісімдердің, ИДБ Құрылтай шартының ережелерінде көзделген операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы төлеуге немесе Қазақстан Республикасына төленуге тиісті сомалардың аударылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы жүзеге асырылады.
5-бап. Қазақстан Республикасының ХВҚ-ға мүшелігіне байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 1. Қазақстан Республикасының Yкіметі ХВҚ-мен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының ХВҚ-мен өзара қатынастарын дамытуды қамтамасыз етеді. 2. Қазақстан Республикасының ХВҚ-ға мүшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындаған кезде туындайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп қажетті шаралар қолданады.
6-бап. Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары осы Заңның 1-бабының 2-тармағында көзделген келісімдердің баптарын, Құрылтай шартын, конвенцияларды, құру туралы келісімдерді және қарарларды сақтау мақсатында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Президенті
|