Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы (2020.15.05. берілген өзгерістермен)
«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялауды; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған осы бұйрықтың қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 325 бұйрығымен бекітілген
Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізу құнын айқындау ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізу құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізу құнын айқындаудың тәртібін айқындайды.
2-тарау. Сот сараптамасын жүргізу құнының құрылысы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|