Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға орналастырылуын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығымен бекітілген
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын (бұдан әрі - ДСН-коды) этил спирті және алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра және сыра сусынынан басқа) беру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|