Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы (2017.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Тіркелген тарифтерді айқындау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысымен бекітілген
Тіркелген тарифтерді айқындау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тіркелген тарифтерді айқындау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (будан әрі — Заң) 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері ендіретін электр энергиясына тіркелген тарифтерді айқындау тәртібін белгілейді. ҚР Үкіметінің 2016.03.02. № 50 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) тіркелген тариф - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен есеп айырысу-қаржы орталығының сатыл алуына арналған тариф; 2) уәкілетті орган — жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу- қаржы орталығының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі — сатыл алу шарты) — сатып алушы ретіндегі есеп айырысу-қаржы орталығы мен сатушы ретіндегі энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шарты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|