«Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 22 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Алтын белгі» белгісі туралы» ереже бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпаратты технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралында және «Әділет» ақпаратты-құқықтық жүйеде ресми жариялауын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым Министрлігнің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 532 бұйрығымен бекітілген
«Алтын белгі» белгісі туралы
1. Осы Ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8-2) тармақшасының 5-бабына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген. 2. «Алтын белгі» белгісімен мына талаптарға сәйкес келген жағдайда: 1) үлгілі мінез-құлық көрсеткен және негізгі орта және жалпы орта білім беруді оқу бағдарламаларына немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндері бойынша оқу кезеңінде білім берудің негізгі орта және жалпы орта деңгейлерінде «5» деген жылдық және қорытынды бағалары бар; 2) жалпы орта білім берудің қорытынды аттестаттауынан «өте жақсы» деген бағамен өткен білім алушылар марапатталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|