Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы (2016.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы А. Смайылов 2012 жылғы 11 мамыр
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.24.12. № 4-6/1114 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.24.06. № 280 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығымен бекітілген
Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы
1. Осы Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық нарығының мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) астық қолхаттарын тіркеуші (бұдан әрі - тіркеуші) - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, бағалы қағаздар нарығында жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|