Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2019 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы заңнамасы 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 2-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыреті 5-бап. Уәкілетті органның құзыреті 3-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 7-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері 4-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ШАРТ 11-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт 12-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алу 13-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты өзгерту және бұзу 14-бап. Үлескердің құқықтары мен міндеттері 15-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау 16-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тараптардың жауапкершілігі 17-бап. Тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті беру 5-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 19-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырудың ерекшеліктері 20-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуда ақшаны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету 22-бап. Уәкілетті компания ұсынатын ақпарат 23-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыруға байланысты жарнаманың ерекшеліктері 25-бап. Кепілдік беру қорының міндеттері мен функциялары 26-бап. Кепілдік беру қорының құқықтары мен міндеттері 27-бап. Кепілдік беру қорының жарғысы 28-бап. Кепілдік беру қорына қойылатын талаптар 29-бап. Кепілдік беру қорының кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резерві 31-бап. Кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім 33-бап. Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын салу жобасы бойынша құжаттарды тексеру 34-бап. Кепілдік беру туралы шарт 35-бап. Кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету 36-бап. Кепілдік беру қорымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі 38-бап. Кепілдік беру қорының кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау тәртібі 39-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау 40-бап. Осы Заңның қолданылу тәртібі 42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) кепілдік - Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдік беру жағдайы туындаған кезде тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтауды ұйымдастыру және үлескерлерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлестерін беру жөніндегі міндеттемесі; 2) кепілдік беру жағдайы - олар басталған кезде Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорында тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтау жөніндегі міндеттеме және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт бойынша үлескерлердің алдында жауапкершілік туындайтын, осы Заңда айқындалған жағдай немесе жағдайлар жиынтығы; 3) кепілдік жарна - уәкілетті компанияның тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт бойынша Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорына төлейтін ақша сомасы; 4) кепілдік мерзімі - тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы объектілерінің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген пайдалану мерзімі, осы мерзім ішінде құрылыс салушы, уәкілетті компания және мердігер (бас мердігер) жобалау-сметалық құжаттамаға және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы объектісі көрсеткіштерінің сапасын сақтауға кепілдік береді; 5) кідірту талабы - кепілдік беру жағдайы туындаған кезде тараптарда талаптар қоюдың басталуымен уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шарты бойынша құқықтар мен міндеттер туындайтын талап немесе талаптар жиынтығы; 6) тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлес - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты орындау үшін салынған тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрамына кіретін, үлескерге берілетін тұрғын немесе тұрғын емес үй-жай; 7) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жобалау құны (бұдан әрі - жобалау құны) - құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны, жобаны басқаруға, авторлық және техникалық қадағалауға жұмсалатын шығындар, қарыздар бойынша сыйақы және осы Заңда көзделген өзге де шығыстар; 8) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы - ауырлық пен әсерді көтеріп тұратын, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) беріктігін, қаттылығын және орнықтылығын қамтамасыз ететін, тірек конструкциялары, жабын және төсем конструкциялары бар, тірек жүйе (тіреуіш); 9) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры (бұдан әрі - Кепілдік беру қоры) - жарғылық капиталына мемлекет тікелей немесе жанама қатысатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы, кепілдік беру жағдайы туындаған кезде құрылысты аяқтауға және үлескерлерге тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлестерін беруге кепілдік беретін коммерциялық емес ұйым; 10) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу - тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа негізделген қатынастары; 11) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі - кепілдік беру туралы шарт) - Кепілдік беру қоры, құрылыс салушы және уәкілетті компания арасында осы Заңда айқындалатын тәртіппен және талаптармен жасалатын шарт; 12) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға қатысушылар - құрылыс салушы, уәкілетті компания, мердігер (бас мердігер), екінші деңгейдегі банк, инжинирингтік компания, Кепілдік беру қоры және үлескер; 13) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтiк компания (бұдан әрі - инжинирингтік компания) - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген және осы Заңның талаптарына сәйкес келетін заңды тұлға; 14) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында, оның ішінде тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысы барысына мониторинг бойынша және тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысына бағытталған ақшаның нысаналы жұмсалуына бақылау жасау бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтер кешені; 15) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі - құрылыс салушы) - уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті өзінің меншікті және (немесе) тартылған ақшасы есебінен жүзеге асыратын заңды тұлға; 16) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу саласында басқаруды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 17) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт - уәкілетті компания мен үлескер арасында жасалатын, бір тарап тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесін беруге міндеттенетін, ал екінші тарап төлем жүргізуге және тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесін қабылдауға міндеттенетін, тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысумен байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт; 18) уәкілетті компания - дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) үлестік құрылысын және тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлестерді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға; 19) үлескер - тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға; 20) шағын қабатты құрылыс - жер үстіндегі биіктігі үш қабаттан аспайтын (мансардты есептемегенде) шағын қабатты тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар), оның ішінде әрқайсысының пәтер маңындағы учаскеге шығу жолы бар оқшауланған тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар).
2-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасы осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу қатынастарына қолданылады. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң бір тарап тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын қамтамасыз етуді және құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайларын беруге міндеттенетін, ал екінші тарап төлем жүргізуге және тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайларын қабылдауға міндеттенетін қатынастарға қолданылады. 2. Тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын осы Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып тартуға тыйым салынады. Осы Заңның талаптарын бұза отырып құрылыс үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту жөнінде жүргізілген мәміле жарамсыз деп танылады. 3. Осы Заңның ережелері тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жасасу бөлігінде құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның контрагенттеріне, олармен тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлестермен есеп айырысқан жағдайда қолданылады. 1) мемлекеттік сатып алуларға; 2) Кепілдік беру қорын қоспағанда, акцияларының бақылау пакетіне тікелей немесе жанама түрде мемлекет иелік ететін заңды тұлғалардың тұрғын үй құрылысына немесе құрылыс ұйымдарына объектіні пайдалануға бергенге дейін құрылыс объектісіндегі тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды өткізу құқығынсыз инвестициялауға; 3) салынып жатқан тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды ол пайдалануға берілгенге дейін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға сату (талап ету құқықтарын басқаға беру) құқығынсыз салынып жатқан тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды заңды тұлғалардың ғана сатып алуына; 4) шағын қабатты құрылысқа байланысты қатынастарға қолданылмайды.
2-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыретіне: 1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру; 2) Кепілдік беру қорын құру (айқындау); 3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді; 3) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді; 4) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 5) құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді; 6) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді; 7) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) cенімгерлік басқару шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді; 8) кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 9) капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 10) кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 11) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында: 1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінің құрылысына қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; 2) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттар береді; 3) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді; 4) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей уәкілетті органға үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпарат береді; 5) тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу объектілерінің құрылысы барысына мониторингті жүзеге асыру үшін құрылыс салушылардан, уәкілетті компаниялардан, инжинирингтік компаниялардан және Кепілдік беру қорынан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратады; 6) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; 7) өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың қатысушыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 9) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізеді; 10) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
7-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері 1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу: 1) Кепілдік беру қорынан кепілдік алу; 2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы; 3) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады. 2. Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) құрылысы үшін осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.
8-бап. Кепілдік беру қорының кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру 1. Кепілдік беру қорының кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы мынадай: 1) республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесінің болуы; 2) өзінің қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы екі қаржы жылында аудиторлық қорытындымен расталған шығынсыз қызметінің болуы; 3) қарыз және меншікті капиталының арақатынасы арқылы есептелген коэффициент шамасы тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын салудың оны пайдалануға қабылдағанға дейінгі бүкіл мерзімі ішінде жетіден аспауы талаптарына сай болуға міндетті. 2. Кепілдік беру қорының кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы бір мезгілде бір құрылыс жобасынан көп емес қызметті жүзеге асыратын уәкілетті компания құрады. Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының жобасы бір жер учаскесінде (бөліп беруде) бірнеше құрылыс объектілерін көздеуі мүмкін. Құрылыс салушы осы Заңның 15-бабына сәйкес үлескерлерге тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) олардың үлестерін беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындаған уәкілетті компанияны тартуға құқылы. 3. Кепілдік беру қорының кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компанияның: 1) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесі; 2) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы; 3) осы Заңның 20-бабына сәйкес жұмсау үшін жоспарланған ақшасы және (немесе) егер жер учаскесі меншік құқығымен тиесілі болса, жобалық құнының кемінде он пайызы көлемінде немесе егер жер учаскесі мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен тиесілі болса, жобалық құнының кемінде он бес пайызы көлемінде орындалған жұмыстар актілерімен расталған аяқталмаған құрылысы; 4) құжаттарды қарағаны үшін комиссияны, кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдік жарнаны төлеуге арналған ақшасы; 5) тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының мердігерлік шарты болуы міндетті. 4. Осы баптың 3-тармағында айқындалған мүлік қандай да бір ауыртпалықтардан, құқықтардан және үшінші тұлғалардың талаптарынан еркін болуға тиіс. 5. Құрылыс салушы мен уәкілетті компания осы бапта белгіленген талаптарға сай болған кезде Кепілдік беру қоры тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылыс жобасы бойынша құжаттарды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тексеруді жүргізеді және кепілдік беру туралы шарт жасасады. 6. Кепілдік беру туралы жасалған шарт үлескерлердің ақшасын тарту үшін негіз болып табылады және құрылыс салушының және уәкілетті компанияның үлескерлердің ақшасын тартуға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алуын қажет етпейді. 7. Осы Заңның талаптарын орындау мақсатында құрылыс салушы Кепілдік беру қорына аудиторлық қорытындымен расталған жылдық қаржылық есептілікті және уәкілетті компания Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті кепілдік беру туралы шарттың қолданылуы ішінде ұсынады.
9-бап. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру 1. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесі болуы тиіс. 2. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін құрылыс салушы бір мезгілде бір құрылыс жобасынан көп емес қызметті жүзеге асыратын уәкілетті компания құрады. |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 2-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыреті5-бап. Уәкілетті органның құзыреті6-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті 3-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ7-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері8-бап. Кепілдік беру қорының кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру9-бап. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру10-бап. Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру 4-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ШАРТ11-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт12-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алу13-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты өзгерту және бұзу14-бап. Үлескердің құқықтары мен міндеттері15-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау16-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тараптардың жауапкершілігі17-бап. Тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті беру 5-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ18-бап. Үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру кезінде екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен немесе тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібі19-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырудың ерекшеліктері20-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуда ақшаны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету21-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялар және аттестатталған сарапшылар қызметінің ерекшеліктері22-бап. Уәкілетті компания ұсынатын ақпарат23-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыруға байланысты жарнаманың ерекшеліктері 6-тарау. КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ24-бап. Кепілдік беру қоры25-бап. Кепілдік беру қорының міндеттері мен функциялары26-бап. Кепілдік беру қорының құқықтары мен міндеттері27-бап. Кепілдік беру қорының жарғысы28-бап. Кепілдік беру қорына қойылатын талаптар29-бап. Кепілдік беру қорының кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резерві30-бап. Кепілдік жарна 7-тарау. КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ31-бап. Кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім32-бап. Өтінімді қарау33-бап. Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын салу жобасы бойынша құжаттарды тексеру34-бап. Кепілдік беру туралы шарт35-бап. Кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету36-бап. Кепілдік беру қорымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі37-бап. Кепілдік беру жағдайы38-бап. Кепілдік беру қорының кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау тәртібі 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |