Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика» туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есеп; 3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп; 4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есеп; 5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есеп; 6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есеп; 7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу (валюталар бөлігінде) туралы есеп; 8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жалпы пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есеп; 9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|