Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы
Осы редакция 2018 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тексеру парағы бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 471 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11807 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|