Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы (2014.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 584-құжат); 2) «Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 413-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 665 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.10.12. № 1572 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.12.04. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.06. № 731 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржы құралдарының тізбесі
1. Шетелдік, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар: 1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар; 2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары; 3) корпоративтік бағалы қағаздар; 4) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар; 5) акциялар; 6) репо және кері репо операциялары; 7) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар); 8) кепілдік арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending); 9) стандартты туынды қаржы құралдары; 10) құрылымдық өнімдер; 11) валюталар; 12) ақша нарығы қорлары; 13) құймадағы және металл шоттардағы алтын. 2. ҚР Үкіметінің 2010.29.12. № 1438 қаулысымен алып тасталды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының облигациялары; 2) «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының облигациялары. 3) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының облигациялары.
|