|
|
|
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қайта құру жолымен жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын «Электрондық коммерция орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ЭКО» АҚ) болып қайта ұйымдастырылсын. 2. «ЭКО» АҚ қызметінің негізгі нысанасы: 1) деректерді орналастыру және өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер; 2) веб-порталдар болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «ЭКО» АҚ жарғысының бекітілуін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) «ЭКО» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтырулар бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 248 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |