|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы
Осы редакция 2024 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 5-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін негіздер 9-бап. Уәкілетті органның өкілеттіктері 11-бап. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау 14-бап. Борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару 2-тарау. СОТТАН ТЫС БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІ 16-бап. Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызы 17-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану 18-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату 19-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді міндеттемелерден босату 3-тарау. ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ НЕМЕСЕ СОТ АРҚЫЛЫ БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІ 24-бап. Қаржы басқарушысының қорытындысы 25-бап. Борышкердің мүлкін түгендеу 26-бап. Борышкердің мүлкін бағалау 27-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру 28-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы шешім 29-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары 30-бап. Соттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын қарау нәтижелері 31-бап. Соттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын бекітуінің салдары 32-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындау 33-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындамаудың салдары 34-бап. Борышкердің немесе кредитордың өтінішхатын сотта қарау 35-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін тоқтату 36-бап. Сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешім 37-бап. Сот арқылы банкроттық рәсімінің мерзімі 38-бап. Борышкердің мүліктік массасы 39-бап. Борышкердің мүліктік массасын сату 40-бап. Борышкердің мүліктік массасын бөлу кезектілігі 42-бап. Кредиторлармен есеп айырысу қағидалары 43-бап. Қаржы басқарушысының қорытынды есебі және қорытындысы 44-бап. Соттың қаржы басқарушысының қорытынды есебін қарауы 45-бап. Банкроттың міндеттемелерін тоқтатудан бас тартуға негіз болып табылатын мән-жайлар 48-бап. Қаржылық жағдайға мониторинг жүргізу 4-тарау. БІТІМГЕРШІЛІК КЕЛІСІМ 49-бап. Бітімгершілік келісім жасасу шарттары 50-бап. Бітімгершілік келісімнің мазмұны 51-бап. Бітімгершілік келісімді бекітудің салдары 52-бап. Осы заңды бұзғаны үшін жауаптылық 53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ағымдағы шығыстар - азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызды сот қабылдаған күннен кейін пайда болған шығыстары, оның ішінде қаржы басқарушысының сыйақысы; 2) әдейі банкроттық - соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолданғанға дейін үш жыл ішінде Қазақстан Республикасы азаматының кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару, жасыру немесе жою арқылы жеке мүдделері үшін жасаған әрекеттері; 3) банкрот - өзіне қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталған немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енген борышкер; 4) борышкер - төлемге қабілетсіз болуы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдануға негіз болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы; 5) борышкердің мүліктік массасы - борышкердің сот арқылы банкроттық рәсімінде өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі; 6) бітімгершілік келісім - сот арқылы банкроттық рәсімінің кез келген сатысында борышкер мен кредиторлар арасында сот бекітетін келісім жасасу арқылы оны тоқтату мақсатында қолданылатын рәсім; 7) кредитор - борышкерге азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де міндеттемелерден, оның ішінде орындалуы борышкердің мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша туындайтын талаптары бар тұлға; 8) кредиторлар талаптарының тізілімі - борышкерге қойылатын кредиторлар талаптарының мөлшері, туындау негіздері және күні көрсетілген тізбесі; 9) қаржы басқарушысы - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде қызметті жүзеге асыратын адам; 10) сот арқылы банкроттық рәсімі - кредиторлардың талаптарын борышкердің мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында борышкерге қатысты сот тәртібімен жүзеге асырылатын рәсім; 11) соттан тыс банкроттық рәсімі - осы Заңға сәйкес екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында борышкерге қатысты соттан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын рәсім; 12) төлемге қабілетсіздік - борышкердің ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды толық көлемде орындауға қабілетсіз болуы; 13) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары - іске асыру мерзімдері көрсетіле отырып, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын құжат; 14) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі - сот тәртібімен қолданылатын рәсім, оның шеңберінде борышкерге борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қаржылық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-шаралар қолданылады; 15) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 1. Осы Заң дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлемге қабілетсіз болуына байланысты туындайтын қатынастарға қолданылады. 2. Кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауына байланысты дара кәсіпкерлерде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында реттеледі. 3. Сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану, сондай-ақ бітімгершілік келісім жасасу туралы арызды осы Заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
4-бап. Азаматтарға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану қағидаттары Азаматтарға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану мынадай қағидаттарға негізделеді:
5-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін негіздер 1. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және арыз берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай: 1) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы; 2) арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша мұндай арыз берілген күнге қатарынан он екі ай бойы өтеудің болмауы; 3) борышкерге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі шарттарына сәйкес келуі уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады. Осы тармақшада көрсетілген берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап он сегіз айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет; 4) арыз берілген күнге дейін жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің қолданылмауы шарттарына сәйкес келуі уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады. 2. Егер борышкер арыз берілген күннің алдындағы алты ай ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылса, осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының ережесіне қарамастан, ол арыз беруге құқылы болады. 3. Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі арыз берілген күнге бес жылдан асса, осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, борышкер арыз беруге құқылы болады.
6-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін негіздер 1. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және арыз берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен асатын міндеттемелердің болуы және мынадай: 1) кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша осындай арыз берілген күнге қатарынан он екі ай ішінде өтеудің болмауы; 2) борышкерге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі шарттарына сәйкес келуі сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады. Осы тармақшада көрсетілген берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап он сегіз айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет; 3) арыз берілген күнге дейін жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану фактісінің болмауы шарттарына сәйкес келуі сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады. 2. Барлық міндеттеменің мөлшері (оның ішінде орындалу мерзімі басталмаған) өзіне тиесілі мүліктің құнынан аспайтын борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы арызбен ғана сотқа жүгінуге құқылы. 3. Осы баптың 1-тармағының борышкердің міндеттемелерінің мөлшері бөлігіндегі ережесі, егер кредитор: жеке тұлға; заңды тұлға, оның ішінде, өзіне қатысты борышкер осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шартқа сәйкес келмейтін соттан тыс банкроттық рәсімі бойынша кредитор болып табылса, қолданылмайды.
7-бап. Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі өкілеттіктері 1) осы Заңның 5-бабында көзделген негіздер бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызбен уәкілетті органға жүгінуге; 2) Осы Заңның 6-бабында көзделген негіздер бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызбен сотқа жүгінуге; 3) осы Заңда көзделген тәртіп сақталған жағдайда өз мүлкін иеліктен шығару бойынша мәмілелер жасасуға; 4) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімінде өзі және өзінің асырауындағы отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс шамасы мөлшеріндегі ақшаны ай сайын өз иелігінде қалдыруға құқылы. Борышкер ай сайын өз иелігінде қалдыратын ақша мөлшерін кредиторлар ұлғайта алады; 5) осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы. 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану туралы арыз берілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, кредиторларды осындай арызбен жүгінгені туралы хабардар етуге; 2) егер соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде өзінің меншігіне мүлік түсіп немесе өзінің мүліктік жағдайы өзгеше түрде өзгеріп, мұның өзі оның кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретін не кредитормен кредитордың алдындағы берешекті реттеу туралы келісім жасасқан жағдайда, уәкілетті органға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мұндай рәсімді тоқтату туралы жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысандағы арызбен жүгінуге; 3) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының жобасын әзірлеуге қатысуға; 4) уәкілетті органның, қаржы басқарушысының, сондай-ақ кредиторлардың жазбаша сұрау салуы негізінде, оны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, оларға өзінің қаржылық жағдайы, мүлкі және міндеттемелері туралы анық ақпаратты беруге; 5) қаржы басқарушысына өзінің қаржылық жағдайы, мүлкі және міндеттемелері туралы ақпарат алуда жәрдем көрсетуге; 6) қаржы басқарушысының осы Заңда көрсетілген талаптарын орындауға және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі келтірмеуге; 7) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының іс-шараларын орындауға; 8) осы Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес кредиторға (кредиторларға) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат беруге; 9) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарында көзделген мәмілелерді қоспағанда, өзіне жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдамауға; 10) оқиға басталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кредиторларды еңсерілмейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери қимылдар, төтенше жағдай және басқалар) салдарынан не үшінші тұлғалардың кінәсінен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындаудың мүмкін болмағаны туралы хабардар етуге; 11) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындау мерзімі аяқталғаннан кейін немесе ол мерзімінен бұрын орындалған кезде сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін аяқтау туралы өтінішхатпен жүгінуге; сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы; төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін тоқтату және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімдерінің бірі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мүліктік массаны қаржы басқарушысының басқаруына беруге; 13) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
8-бап. Кредиторлардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі өкілеттіктері 1) борышкерге өз талаптарын осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мәлімдеуге; 2) борышкерден, қаржы басқарушысынан осы Заңда көзделген рәсімдерге қатысты ақпаратты, сондай-ақ борышкердің қаржылық жағдайы, оның мүлкі мен міндеттемелері туралы анық ақпаратты алуға; 3) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімінде борышкердің ай сайын өз иелігінде қалдыратын ақша мөлшерін ұлғайту туралы мәселені қарауға; 4) банкроттың міндеттемелерін тоқтатудан бас тартуға негіз болып табылатын, белгілі болған мән-жайлар туралы қаржы басқарушысына және сотқа хабарлауға; 5) борышкерді әдейі банкроттық тұрғысынан тексеру мақсатында уәкілетті органға арыз беруге; 6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы. 1) борышкерге өз талаптарын мәлімдеген кезде, өз талаптарының негізі мен мөлшерін растайтын құжаттарды қаржы басқарушысына ұсынуға; 2) қаржы басқарушысының сұрау салуы бойынша борышкердің төлемге қабілетсіз болуының туындау себептері, оның қаржылық жағдайы, мүлкі мен міндеттемелері туралы қолда бар ақпаратты сұрау салу алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей беруге; 3) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының жобасын қарауға және өзінің ұсыныстарын және (немесе) ескертулерін (олар болған кезде) осы Заңда белгіленген мерзімде енгізуге; 4) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының жобасын қарау кезінде осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көзделген берешекті қайта құрылымдау құралдарының бірін ұсынуға міндетті. Осы тармақшаның күші алименттер төлеу, өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша кредиторларға қолданылмайды; 5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 3. Осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген міндетті орындамаған кредитордың талаптары осы Заңның 40-бабының 6-тармағында көзделген тәртіппен қанағаттандырылуға жатады.
9-бап. Уәкілетті органның өкілеттіктері Уәкілетті орган: 1) борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызының нысанын бекітеді; 2) қаржы басқарушысының қорытындысының нысанын бекітеді; 3) төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің үлгілік жоспарының нысанын бекітеді; 4) қаржы басқарушысының банкроттың міндеттемелерін тоқтатуға негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытындысының нысанын бекітеді; 5) қаржы басқарушысының қорытынды есебінің нысанын бекітеді; 6) қаржы басқарушының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерін бұзу бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды; 9-баптың 7) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 7) тұлғалардың қаржы басқарушылары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалары бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді; 9-баптың 8) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 8) тұлғалар жіберген қаржы басқарушылары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар, осындай хабарламаларды жіберу шарттары туралы мәліметтерді уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады; 9) өздеріне қатысты осы Заңда көзделген рәсімдер қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады; 10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген заңмен қорғалатын құпияны беру тәртібіне қойылатын талаптарды ескере отырып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерінің шеңберінде мемлекеттік органдардан олардың құзыреті шегінде, жеке және заңды тұлғалардан борышкер, оның мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты сұратады; 11) қаржы басқарушысына борышкердің қаржылық жағдайы, оның мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты береді; 12) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде қаржы басқарушысының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 13) борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 14) қаржы басқарушысын тағайындайды; 15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылау 1. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. 2. Тексеруді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
11-бап. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау 1. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу, оларға жол бермеу және бақылау субъектісіне уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын беру бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады. Қаржы басқарушысы бақылау субъектісі болып табылады. 2. Бақылау субъектісі ұсынған есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді және бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде алынған деректерді салыстыру бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылауды жүргізу тәсілі болып табылады. 3. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, бақылау субъектісіне оларды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша хабарлама жіберіледі. Хабарлама бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда: 1) қолма-қол тәсілмен - хабарламада алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап; қаржы басқарушысының уәкілетті органда қызметінің басталғаны немесе деректерінің өзгергені туралы хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап; уәкілетті орган хабарламаны уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасына және (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Аталған тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органмен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын және (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланатын бақылау субъектілеріне қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы4-бап. Азаматтарға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану қағидаттары5-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін негіздер6-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін негіздер7-бап. Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі өкілеттіктері8-бап. Кредиторлардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі өкілеттіктері9-бап. Уәкілетті органның өкілеттіктері10-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылау11-бап. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау12-бап. Құпиялылық13-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріне қатысушылардың өзара іс-қимылы14-бап. Борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару15-бап. Қаржы басқарушысы 2-тарау. СОТТАН ТЫС БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІ16-бап. Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызы17-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану18-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату19-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді міндеттемелерден босату 3-тарау. ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ НЕМЕСЕ СОТ АРҚЫЛЫ БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІ20-бап. Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызы21-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау22-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғаудың салдары23-бап. Қаржы басқарушысының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізу кезіндегі өкілеттіктері24-бап. Қаржы басқарушысының қорытындысы25-бап. Борышкердің мүлкін түгендеу26-бап. Борышкердің мүлкін бағалау27-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру28-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы шешім29-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары30-бап. Соттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын қарау нәтижелері31-бап. Соттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын бекітуінің салдары32-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындау33-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындамаудың салдары34-бап. Борышкердің немесе кредитордың өтінішхатын сотта қарау35-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін тоқтату36-бап. Сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешім37-бап. Сот арқылы банкроттық рәсімінің мерзімі38-бап. Борышкердің мүліктік массасы39-бап. Борышкердің мүліктік массасын сату40-бап. Борышкердің мүліктік массасын бөлу кезектілігі41-бап. Кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау арқылы кепілді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру42-бап. Кредиторлармен есеп айырысу қағидалары43-бап. Қаржы басқарушысының қорытынды есебі және қорытындысы44-бап. Соттың қаржы басқарушысының қорытынды есебін қарауы45-бап. Банкроттың міндеттемелерін тоқтатудан бас тартуға негіз болып табылатын мән-жайлар46-бап. Банкроттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелері47-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында және «электрондық үкімет» веб-порталында орналастыру48-бап. Қаржылық жағдайға мониторинг жүргізу 4-тарау. БІТІМГЕРШІЛІК КЕЛІСІМ49-бап. Бітімгершілік келісім жасасу шарттары50-бап. Бітімгершілік келісімнің мазмұны51-бап. Бітімгершілік келісімді бекітудің салдары 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |