Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Осы редакция 2017 жылғы 22 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын. 3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын Бағдарламада көрсетілген мерзімдерде Бағдарламаның бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін. 5. «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №77-78-79, 583-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген үкіметтік бағдарламалардың тізбесінде: реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын: «
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|