«Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 484 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газетінде № 22 (27643) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзімін ұзарту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|