|
|
|
Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 330 бұйрығы
«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидалары бекітілсін. 2. «Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10660 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 сәуірде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 330 бұйрығымен бекітілді
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |