Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 58) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1078 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциялары. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әкімшілік ғимараты. 3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының және Мәжілісінің әкімшілік ғимараттары. 4. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы. 5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік ғимараты. 6. Орталық мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары. 7. «Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты» мемлекеттік мекемесі. 8. «Орталық мемлекеттік мұрағат» республикалық мемлекеттік мекемесі. 9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкімшілік ғимараты. 10. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының автошаруашылығы. 11. Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының автошаруашылығы. 12. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі. 13. «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|